Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қасиетті мекен Түркістанға саяхат

Қасиетті мекен Түркістанға саяхат

Биылғы жазғы демалыс біздің отбасы үшін ерекше болды. Себебі жаз­ғы демалысқа келген үлкен ағаларыммен, ата-анаммен бірге қасиетті Түркістан қаласына саяхатқа бардық.

Алдымен Арыстанбаб кесенесіне тоқ­тап, қасиетті судан дәм таттық. Бабаның өмірі мен оның қасиеті туралы маған әкем айтып беретін. Осыдан бірнеше жыл бұрын баба жерленген жерге ұлы ұстаз әл-Фараби мен қолбасшы Сұлтан Бейбарыс топырағы әкелініп қойылған. Елімізден, шет елдерден келген саяхатшылар қа­сиет­ті бабамыздың рухына тағзым етуде. Содан соң ұлтымыздың рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бардық. Кере­­­мет кешеннің ішін аралап, Хан тағын, Тай­­қазанды көрдік. Ата-бабамызға Құран бағыш­тадық.

Кешкісін жаңарған Түркістанды, көп­тен бері көру арман болған Венеция­­ны, Ке­руен сарайды тамашаладық. Тура шетел­де жүргендей күй кештік. Ортада жасанды көл бар екен. Онда қайықтар жүзіп жүр. Түркістанның көшелері де керемет өзгерген. Жаңа биік-биік үйлер салынған. Көшелері де кең, әрі жасыл желекке оранған. Әсіресе, алыстан көз тартатын екі тауыс құсы қаланы ерекше ажарландырып тұр. Бұл саяхат туралы достарыма әлі талай айтатын боламын.

Биылғы жаздың ыстық күнінде аға­ларыммен қауызға түсуге бардық. Шағын қауызда жүзуді үйреніп, биік су сырғанағынан секірдік. Бойыңды сергі­тетін, денені шымыр ететін қызықты атрак­­­­­ционда ойнадық.

Көңілді өткен жазғы демалыс отбасымыз үшін жақсы жаңалықпен жалғасты. Екінші ағам оқуға түсіп, студент атанды. Бұл бәрімізді қуантты.

Енді аз күнде жаңа оқу жылы басталады. Бір жасқа өсіп, үшінші сыныпқа барамыз. Алда сүйікті ұстазыммен, достарыммен қауышатын күн – бірінші қыркүйекті асыға күтудеміз.





Асылжан АМАНҚОС,
№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің оқушысы
20 тамыз 2022 ж. 326 0