Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сұхбат сағаты өтті

Сұхбат сағаты өтті

Бүгін аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлерді қолдау – ел дамуының кепілі» атты сұхбат сағаты өтті. Жиынға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің әдіскері Бекболат Қапанов, кәсіпкерлікке қызығушылығы бар жастар мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

– Аудан бойынша кейінгі кезеңде кәсіпкерлік саласы дамып, өркендеп келеді. Мысалы, 2022 жылдың 1 тамызына 2573 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, оның 2427-сі жұмыс жасап тұр. 2022 жылдың жеті айында Сырдария ауданында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 1527 млн теңгені құрайтын 110 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді, – деген Б.Қапанов қазіргі кезде кәсіпкерлікпен айналысуды көздеген кез келген адамға мемлекет тиімді қолдау көрсететінін айтты.

Шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың күретамыры. Кәсіпкерліктің дамуы қаржылық жағдайды тұрақтандырып, жұмыссыздық дейтін қоғам дертін азайтудың бірден-бір жолы. Осы ретте халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көпшілік көкейіндегі сұрақтарға жауап беру үшін арнайы мамандармен кездесу өткізудің маңызы зор.





Аружан Мұханбетқали


19 тамыз 2022 ж. 302 0