Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қазақ даласындағы көне тарихи-мәдени орындар

Қазақ даласындағы көне тарихи-мәдени орындар

Тарихи-мәдени орындар ел аумағында көптеп кездеседі. Көне заманнан күні бүгінге дейін сақталып келген, ескертіштердің бір елдің қаншама жылдық тарихы мен өзіндік мәдениеті бар екендігінің айқын нышаны. Оларды сақтау тарихымызбен мәдениетімізге деген елдің үлкен құрметінің белгісі.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Қазақ даласында көнеден келе жатқан тарихи-мәдени орындар көптеп салынған. Әр тарихи-мәдени орындардың өзіндік тарихы мен ерекшеліктері бар. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі-орта ғасырлық керемет сәулет өнерінің айқын көрінісі. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қазіргі Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан. Кесене Қожа Ахмет Яссауи жерленген мазараттың басына тұрғызылған. Кесенені 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бастамасымен қаланған. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ені 46,5 метірді құраса, ұзындығы 65 метір. Сол замандағы ең мықты, әрі көркем күйдірілген қыштармен салынған. Кесененің үстіңгі үш қабырғасында Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған.

Қорқыт ата ескерткіші

Қорқыт ата (VIII-IX ғ-да Сыр бойында өмір сүрген) қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентіне 18 км жерде орналасқан. Ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыт өз өмірінде үш хан тұсында (Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа) уәзірлік қызмет атқарған. Қорқыт әлеуметтік заң негізін жасап, ата-баба мекенін ұйық деп білу, оны сыртқы жау шабуылынан қорғау, жер- суды белгілі бір тәртіппен пайдалану, т.б. салаларға бөліп қарап, халық арасында туындаған кикілжіңдерді әділ шешіп отырған.

Тектұрмас мовзолейі

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, мовзолей Орта Азияаумағына Ислам дінін таратуға айрықша атсалысқан Қараханид патшалығы әскерінің бас қолбасшысы Сұлтан Махмұдханның құрметіне салынған. Одан бөлек, мұнда қазақтың ұлы батыры Мәмбет пен Абылай ханның сенімді серігі, дінтанушы ғалым Фасахуддин Сәбитов сынды белгілі тарихи тұлғалар жерленген. Бір қызығы, бұл жерде тек мұсылмандар қорымы ғана емес, өзге дін өкілдерінің де қабірлері де кездеседі. Жалпы, Таразда ертеде Ұлы Жібек жолының бойындағы әртүрлі діндер тоғысқан.

Қорасан Ата кесенесі.

Барлық өмірі мен өнегелі тірлігі алты Алаштың баласына мәлім, сонау Арабиядан Орта Азия, түркі, қазақ жерлеріне, соның ішінде Сыр бойына ислам діні мен мәдениетін алғаш әкелгендердің бірі — халықты имандылық парасатына тәрбиелеген Әбдіжалил Баб еді. Халық аузындағы әңгімелерде ол Қорасан ата деп аталады. Қорасаннан қалың қолмен аттанған Әбдіжалил Баб Сырдарияның сол жағалауындағы Қызылқұм өңіріндегі «Тотықұс» аралына (қазіргі Жаңақорған ауданының аумағында) келіп табан тірейді, осы жерді тұрақты мекен етеді. Мешіт-медресе салдырып, бала оқытады. Аңыз әңгімелерде Қорасан ата бамдат намазын оқып тұрғанда бүкіл тұла бойы қорғасындай еріп тұрғандықтан халық оны қорасан деп атап кеткен деседі. Ислам дінін уағыздаумен қатар шипагер болған жүйке, қояншық, шешек ауруларын жазатын болыпты.
11 мамыр 2021 ж. 1 651 0