Денсаулыққа бей-жай қарамаңыз

Мерез (сифилис) - созылмалы жұқпалы індет. Көбіне мерез жыныстық жолмен жұғады. Мерезбен ауыратын адамның қанын дені сау адамға құю арқылы - гемотрансфузиялық жұғу жолы. Науқас анадан жатыр арқылы баласына жұғады, әсіресе туабіткен мерезге -плацентарлы жұғу жолы. Ауыз қуысында мерездің жаралары болған жағдайда, науқастың сілекейі арқылы (сүйісу, бір ыдыстан су ішу, тіс щеткасын пайдалану арқылы).
Қандай белгілерге мән беру керек?
- Тері жабындыларында себепсіз түрлі көлемді қызғылт түсті бөртпелер, ағарған дақтар пайда болуына;
- Аймақтық лимфа түйіндеріңіздің ұлғайып, ауырмайтындығына;
- Шаштарыңыздың түсе бастағанына;
- Дауысыңыздың себепсіз қарлығуына;
- Жұтынғанда көмейіңізде кедергі сезсеңіз, бірақ ауырғаны байқалмаса.
Жыныстық жолмен жұғатын аурулардан қалай қорғануға болады?
Егер Сіз 12 жасқа толсаңыз міндетті түрде жылына 1 рет мерезге тексеріліп тұру қажет. Кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болыңыз. Жеке басыңыздың тазалығын сақтаңыз және өзіңізбен жыныстық байланыста болған адамыңыздан да осыны талап етіңіз. Жыныс жолымен жұғатын инфекциялар – ауыз қуысы және тік ішек арқылы да жұғады. Мүшеқап,пайдаланыңыз. Қорғанудың тиімді жолы – бір адамнан ғана емес жыныстық байланыста болу жұбайыңызға адалдық сақтау. Өз бетіңізше ем жасамаңыз!
Есте сақтаңыз: нақты диагнозын тек арнайы маман қояды. Мерез ауруының адам ағзасына келтіретін ең қауіпті әсерлері: отбасы мүшелеріне жұқтыру ең үлкен қауіп болып табылады – тұрмыстық жағдайда жұғуынан сақтана білу қажет. Жатырда жатқан баланың анасынан ауру жұқтырып – іште өліп қалуы. Түсік тастауы. Бала дүниеге келгенде түрлі ауытқушылықтардың белгілерінің болуы. Сол үшін денсаулығыңызға салғырттық танытпағаныңыз абзал.
С.Маханбетов,
дәрігер-дерматовенеролог