Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама, маңызды өзгерістер мен жаңа енгізілімдер

Кеңесті жүргізген аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімімінің басшысы Д.Әлшеров енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды атап өтіп, әрі қарай бөлімнің маманы Е.Қосановқа сөз берді.
Өз кезегінде, Е.Қосанов енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды егжей-тегжей атап өтіп, көрсетілген слайд арқылы түсіндірме берді. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласы өте күрделі сала екенін, кемшіліктер жіберген жағдайда лауазымды адамдарға заңнамада белгіленген айыппұл салуға әкеліп соқтыратынын айтып өтті.
Қатысушалар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар түсіп, сала мамандары сұрақтарына жауап берді.
Семинар-кеңестің мақсаты жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорындардағы бюджет қаржысының оңтайлы және уақтылы игерілуіне, сыбайлас-жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар мен кемшіліктердің алдын алуына өз септігін тигізу.