Жас мамандармен жүздесті
12 тамыз – халықаралық жастар күнінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауданның белсенді жастарымен жүздесті. Атаулы іс-шара аудандық жастар ресурстық орталығында өтті. Мерекелік басқосуға аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы, орталық директоры Ғани Оралов, бөлім басшылары мен түрлі салада еңбек етіп жүрген талапты жастар қатысты.
Еркін түрде өткен кездесуде аудан әкімі бүгінгі жастың ертеңгі болашақ екенін айтып, аудан жастарына артылар жауапкершіліктің зор екенін атап өтті.
– Бүгін өздеріңізбен кездесіп отырғанымызға қуаныштымын. Жастар күні мерекесі құтты болсын! Еліміздің жарқын келешегі – Сіздерсіздер. Дәл қазір сіздердің білімдеріңіз, саналарыңыз, көзқарастарыңыз, тәрбиелеріңіз қалай қалыптасады, біздің болашағымыз сондай болады деген сөз. Орта буын өкілдері жастардың күшін дұрыс ұйыстырып, оң бағытқа бағыттап отыруы тиіс. Қазіргі таңда жастарға жан-жақты жағдай қарастырылған әрі мүмкіндік те көп. Заман бір орында тұрған жоқ. Даму мен ұдайы қозғалыс заманды асқан жылдамдықпен өзгертуде. Қазіргі таңда жастар «Болашақ» бағдарламасымен не өздері шетелдерде білім алып жатыр. Бұл дегеніміз – үлкен жетістік. Азаматтарымыз өзге мемлекетте қазақ халқының атын асқақтатып жүр. Бұл қатарда біздің ауданның жастары да бар. Аудан бойынша білім, кәсіпкерлік, түрлі салада жастардың белсенділігі жоғары. Сіздерге қарап біздің болашағымыздың жарқын екеніне кәміл сенім білдіремін, – деді аудан басшысы.
Өз кезегінде сөз алған «Жастар рухы» ЖҚ аудандық бөлімшесінің жетекшісі А.Ибрагимұлы аудан жастарын айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ бүгінде аудандағы жастар саясатының оңтайлы жүргізіліп отырғанына, аудан жастарының түрлі салада көш бастап жүргеніне тоқталып өтті. Осы ретте, жастар ісін ұтымды ұйымдастырып, әркез назардан тыс қалдырмай, мереке қарсаңында арнайы уақыт бөліп отырған аудан басшысына жастардың атынан алғысын жеткізді.
Іс-шара барысында аудан және ауылдық округтерден арнайы келген жас мамандар Өмірзақ Есболатов, Гүлдана Кәлменова өз ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Аудан әкімі барлық ұсыныс-тілектің орынды екенін және игі бастамаларға әркез қолдау көрсететінін айтты.
Мерекелік басқосу соңында аудан бойынша түрлі салада еңбек етіп жүрген бітқатар жас маман аудан әкімінің арнайы «Алғыс хатына» ие болды. Мемлекеттік жастар саясатын дамытуға үлес қосып жүрген ел ертеңдері өз кезегінде аудан басшысына алғыстарын білдірді.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ