Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнерлі өрен, алғыр балғын

Өнерлі өрен, алғыр балғын

«Балалар жылы» аясында талантымен көпшілікті тәнті етіп жүрген балғындарды тұрақты түрде басылым бетіне жариялап келеміз. Өнерге бейім, дарынымен дараланған тәп-тәтті бүлдіршіннің көпшілігі орасан жетістікке қол жеткізуде. Ата-анасының ерекше тәрбиесін алып, балғындар арасында үздік болған Айдай Боранбаева өте алғыр. Жақында жақындарын тек қуанышқа бөлеп жүрген кішкентай кейіпкеріммен тілдесудің сәті түсті.

Әрбір сөйлеген сөзінен зейінді екенін байқатқан Айдай Бо­ранбаева биыл 5 жасқа толды. Талабы таудай бүлдіршін отбасында 2 ағасы жә­не 1 інісімен бірге, ата-анасының көз қуанышына айналуда. Негізінен, қасиеті дарыған Қалжан ахун ауылында тұратын Айдай Нұрланқызы кіш­кентайынан ән айтуды, көркем сөз бен өлеңді мәнерлеп оқығанды жақсы көреді. Айдайдың әкесі Нұрлан – құрылысшы, анасы Айжан – ұстаз. Айдай Боранбаева Қалжан ахун ауы­лындағы «Гүлдер» бөбекжай бала­бақшасының ұстаздарынан тәлім ал­ған. Жаңа оқу жылында өнерлі бал­­ғын мектеп табалдырығын аттайды. Даярлық сыныбына баратын Айдай осыған дейін бірнеше байқауға қатысып үлгерген. Мәселен, дарынды балақай «DAMU Education» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Білім еліне саяхат» тақырыбындағы республикалық байқаудан І орын, аудандық «Тіл болашағы – балабақшадан» тақы­ры­­бындағы байқаудан ІІ орын ие­ленді. Байқауда жас өнерпаз ақын А.Ибрагимұлының «Менің тілім – қа­сиетті ұлы тіл» өлеңін жатқа оқыды. Сонымен бірге балабақшада өткі­зіл­ген «Көктем аруы-2022» бай­қауында жеңімпаз атанды.

Үнемі Айдайдың өнеріне жан-жақ­ты бағыт-бағдар беріп, қолдау көр­cетіп жүрген нағашы тәтесі Гүлзат Серікқызы өнерлі өрен жайында өз пі­кірін білдірді.

– Айдайды кішкентайынан нағашы әжесі Шәкен бауырына басты. Әкеміз Серік Әлімбетов – ауданға белгілі қа­рымды қаламгер, тәжірибелі журналист. Ерекше қабілетке ие Айдайды әжесі тәрбиелеп, атасы секілді журналист болғанын қалайды. Үш ұлдың ортасында еркелеп өскен Айдай бо­ла­шағынан зор үміт күттіреді. Біз оған сенеміз. Өнеріне барынша қолдау көр­сетеміз. Оның қабілетін ашу үшін арнайы маманның көмегіне жүгініп, жоғары жетістікке жету үшін барымызды саламыз. Анасы Айжан кәсіби музыкант ретінде оны ән айтуға бар жағынан машықтайды деп сенеміз, – дейді Гүлзат Серікқызы.

Айдай анасы секілді ұстаз болуды қалайды екен. Көзі тірісінде Шәкен апа Айдайдың үздік оқушы болып өсуіне барынша жағдай жасау керектігін ата-анасына аманаттаған. Тұйық, сабырлы қалпынан таймайтын өнерлі өреннің алдағы күндері жұл­дызы жарық болуын тілейміз.

Балтабай АЯБЕКҰЛЫ


02 тамыз 2022 ж. 538 0