Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Е-қызмет» жүйесінің тиімділігі

«Е-қызмет» жүйесінің тиімділігі

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің бағыт­тарының бірі – мемлекеттік қызмет персоналын басқару процесін жетілдіру. Бұл мемлекеттік органдарда кадрлық қызмет іс-әрекетінде «Электронды үкімет» жүйесінің мүм­кіндіктерін кеңінен қолдануды көздейді.

Қазақстанда 2011 жылы мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың біртұтас жүйесіне және оны автоматтандыруға кө­шу мақсатында «Е-қызмет» тұжырым­дам­асы қабылданды. Аталған тұжырымдаманың басты ба­ғыт­тарының бірі болып мемле­кеттік қыз­мет персоналын басқару про­цесін жетілдіру белгіленген. Осы орайда,­ мемлекеттік қызмет персоналын бас­­қа­­­рудың біртұтас жүйесіне оны ав­то­мат­­тандыруға көшу процесі, яғни, «Е-қыз­мет»­ жүйесі енгізілген.

«Е-қызмет» жүйесінің жұмыс істеуі мем­лекеттік органдардың кадр қызмет­теріне персоналды басқаруды озық әлем­дік тәжірибеге сәйкес жүзеге асыруға, мем­лекеттік органдардың кадр қызметтері жұмысының өнімділігін жоғарылатуға жә­не ақпаратты алуға жұмсалатын уақы­ты мен еңбек шығындарын едәуір қыс­қартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда «Е-қызмет» жүйесiн iске қосу үшiн еліміздегі барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер туралы мәлiметтер базасы жинақталған. Оның ішінде, бұл жүйе арқылы мемлекеттік қызметшілердің жеке бас деректерін, ұйымдастырушылық қабілеттері, кәсіби және жеке құзыреттері, білімі, біліктілігі, жұмыс өтілі, кәсіби тә­жі­ри­бесі, бағалау және аттестаттау нәти­желері туралы мәліметтерді; ротациялау, мемлекеттік қызметшілерді оқыту, курс­тарының мер­зім­дері мен тақырыптарын, ынталандыру туралы және әкімшілік және тәр­тіптік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтерді, тіпті, мемлекеттік қыз­мет­шілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы құқық қорғау ор­гандарының деректерін алуға болады.

Қызылорда облысындағы мемлекеттік органдарында «Е-қызмет» жүйесі 2015 жылы енгізілді. Қазіргі уақытта «Е-қыз­мет» бар­лық жергілікті атқарушы орган­дарда, Қызыл­орда облысы әкімдігі мен барлық бас­қармада, Қызылорда қаласы және облыстың 7 ауданының әкімдіктері мен осы әкімдіктерге қарасты мемлекеттік органдар (дербес бөлімдер мен кент, ауыл­дық округ әкімдерінің аппараты), Қызыл­орда облысы бойынша тексеру комиссия­­сы мен облыстық, қа­лалық, аудандық мәслихат ап­параттарында, барлығы 287 мемлекеттік органдарда жұмыс істейді.Сондай-ақ, орталық атқарушы орган­дар­дың аумақтық бөлімшелері (ҚР Қаржы министрлігінің және Жоғарғы соттың ау­мақтық бөлімшелерін қоспағанда) бо­йын­ша жалпы саны 54 мемлекеттік орган «Е-қыз­мет» жүйесіне қосылып, жұмыс жасауда.

Бұл жүйе онлайн режимінде мемле­кеттік қызметшілерге қатысты кадрлық ақпа­раттарды алуға, кадр қызметтерінің жұ­мысын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Агенттіктің 2020-2024 жылдарға ар­налған стратегиялық жоспарына сәйкес бір қызметшіге орта есеппен мемлекеттік органдар автоматты режимде рәсімдеген құжат саны 10-нан кем болмауы қажет.Қазіргі уақыттағы бұл көрсеткіш облыс бойынша бір қызметшіге орта есеппен «Е-қызмет» жүйесінде рәсімделген құжат саны 4,41-ді құрап отыр.

«Е-қызмет» жүйесінде тек қана персоналды басқару қызметшісі емес, барлық деңгейдегі қызметшілер, мекеме басшысы да, қызметкерлер де жұмыс істеуі керек. Яғни, әрбір қызметші өзінің өтініштері мен қызметтік жазбаларын «Е-қызмет» жү­йесінде қалыптастыруы қажет. Осылайша, өтініштер мен қызметтік жаз­баларды тек «Е-қызмет» жүйесінде қа­был­дау арқылы оның белсенділігін артты­руға болады.

Агенттікпен ағымдағы жылдың тамыз айында «Е-қызмет» жүйесін пайдалану­шылардың сауаттылығын арттыру мақ­сатында оқыту курсын өткізу жоспарланып отыр. Агенттікпен мемлекеттік қызметті цифр­ландыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізіле беретін болады.





Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

30 шілде 2022 ж. 265 0