Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділ Ғалиахметов пен Алина Ажғалиева шорт-тректен Қазақстан чемпионатында тағы жүлдеге қол жеткізді

Әділ Ғалиахметов пен Алина Ажғалиева шорт-тректен Қазақстан чемпионатында тағы жүлдеге қол жеткізді

Астана қаласында ересектер арасындағы шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

«Алау» мұзайдыны сарайындағы бәсеке барысында Қазақстан командасының бапкерлер штабы 2026-2027 жылғы маусымда халықаралық турнирлерге қатысатын Ұлттық құраманы жасақтайды. Бүгін еліміздің таңдаулы спортшылары кезекті жүлдені сарапқа салды.

Ерлер, 1000 метр:
1 орын Әділ Ғалиахметов — Астана қаласы
2 орын Айбек Темірхан — Шымкент қаласы
3 орын Максим Саенко — Солтүстік Қазақстан облысы

Әйелдер, 1000 метр:
1 орын Алина Ажғалиева — Батыс Қазақстан облысы
2 орын Зейнеп Құмарқан — Шығыс Қазақстан облысы
3 орын Гүлдана Жалмұқан — Батыс Қазақстан облысы

Аралас эстафета, 2000 метр:
1 орын Қостанай облысы
2 орын Алматы қаласы
3 орын Астана қаласы

Сурет: ТСМ
17 қыркүйек 2026 ж. 57 0