Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалық құрамды арттыру көзделді

Сапалық құрамды арттыру көзделді

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2019 жыл ішінде атқарылған жұмыс қорытындыларын, алдағы кезеңдегі міндеттерді және оларды іске асыру жоспарларын талқылау бойынша алқа отырысы өтті. Оған Президент Әкімшілігінің өкілдері мен Агенттіктің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының қызметкерлері, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы Агенттіктің аумақтық департаменттері қатысты.
«Агенттікпен жүйелі түрде Мемлекет басшысының стратегиялық құжаттары мен жыл сайынғы жолдауларының ережелерін жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Агенттік жұмысында мемлекеттік аппаратты одан әрі кәсібилендіру бойынша жұмыс басым бағыттардың бірі болып қала береді», - деп Анар Жаилғанова алқа отырысы барысында атап өтті.
Сапалы құрамды арттыру үшін қосымша жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы дамыту бойынша жұмыс жүргізілді.
Біріншіден, орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері өздерінің ведомстволарымен және аумақтық құрылымдық бөлімдерімен өткізілетін ішкі конкурстарға бірыңғай персоналды басқару қызметі болған жағдайда қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Екіншіден, мемлекеттік қызметтен шығарылған мемлекеттік қызметшілерге (мемлекеттік қызметтен жағымсыз себеппен кеткен тұлғаларды қоспағанда) бір ай ішінде тестілеуден өтпей ақ конкурстарға қатысу мүмкіндігі берілді.
Үшіншіден, бос басшылық лауазымдарды шұғыл толтыру үшін міндеттерді уақытша атқару мерзімі 3 айға шектелді. Соның өзінде басшылардың міндеттерін көмекшілерге және кеңесшілерге уақытша артуға шек қойылды.
Төртіншіден, мемлекеттік қызметке қайта түсетін тұлғалар үшін сынақ мерзімі жойылды. Бұл тұлғалар қатарына қызметті бағалау нәтижелері, сынақ мерзімі, аттестаттау қорытындысы бойынша немесе жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғалар кірмейді.
Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі күшейтілді. Бағынышты қызметкерлердің жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігі енгізілді және қызметтік әдепті бұзғаны үшін шешілмеген тәртіптік жазасы бар мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өсуіне шектеу қойылды.
Құзыретті мамандарды тартуға қосымша жағдайлар жасалды. Әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындауға құқығы бар адамдардың саны кеңейтілді, оған жетекші шетелдік университеттердің PhD докторларын және халықаралық, шетелдік және трансұлттық ұйымдарда соңғы бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, сонымен қатар Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар кіреді.

ҚР МҚІА баспасөз қызметі
10 ақпан 2020 ж. 728 0