«Барселона» 111 жылдан кейін тарихи рекордын жаңартты
Испаниялық «Барселона» футбол клубы жаңа маусымда қатарынан жеті ойында жеңіске жетіп, клуб тарихындағы рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.«Барселона» Испания чемпионатының алтыншы турында «Расингті» 7:2 есебімен ойсырата жеңді. Бұған дейін каталониялық клуб Ла Лигада «Валенсияны» (5:0), «Райо Вальеканоны» (5:2), «Атлетикті» (2:0), «Эльчени» (5:0) және «Левантені» (4:2) ұтқан. Ал Чемпиондар лигасында «Фейеноордтан» 5:1 есебімен басым түсті.
Күні бүгінге дейін клуб тарихындағы ең үздік көрсеткіш алты жеңіспен шектелген. Мұндай нәтиже 1929/30, 1960/61 және 2018/19 маусымдарында тіркелген.
Сонымен қатар клуб 111 жылдан кейін алғаш рет барлық ресми турнирде маусымды қатарынан жеті жеңіспен бастады. Осы ойындарда Ханс-Дитер Флик шәкірттері 33 гол соқты.
61 жастағы Ханс-Дитер Флик «Барселонаны» 2024 жылдан бері жаттықтырып келеді. Неміс маманының жетекшілігімен команда 124 матчта 42 рет ірі есеппен жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Барселона» аңызы Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында соңғы матчын өткізетінін айтқан еді.










