Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық қалаулылары ауылдарды аралады

Халық қалаулылары ауылдарды аралады

Бүгін мобильді топтың қоғамдық қабылдауы Сырдария ауданындағы Бесарық және Қоғалыкөл ауылдарында өтті.

Мобильді топтың қабылдауына арнайы келген шалғай елді-мекеннің тұрғындары ауыл ішіндегі қордаланған мәселелерді назарға ұсынып, шешілу жолын қарастыруды партияға сеніп тапсыратындарын айтты.

Мәселен, Бесарық ауылының тұрғындары көшелерді жарықтандыру, облыс әкімінің оқу грантын алу мен кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында қайтарымсыз грантарға қол жеткізу және зейнет жасын төмендету туралы айтса, Қоғалыкөлдіктерді атаулы әлеуметтік көмек, жұмыссыздық, тұрғын үй, жер үлесін мұрагерлікпен заңдастыру, балаларға арналған спорт алаңын салу т.б. мәселелері алаңдатады.

«Ауыл ішіндегі М.Әуезов және А.Тәженов көшелеріне жарықтандыру жұмыстар жүргізуге атсалыссаңыздар» деді ауыл тұрғыны Өтеков Айтбай.

Қабылдауда көтерілген бұл ұсыныс бойынша мобильді топ мүшелері аталған көшелерді жарықтандыруға жоба-сметалық құжаттамалары дайындалып, қаржыландыру қаралып жатқандығын хабарлады.

Ал, Коғалыкөл ауылының тұрғыны Күлбаева Жанар аманаттықтарға «Ауылда спорт және балалар ойын алаңының салынып, ауыл балаларына пайдалануға берілсе деген ұсынысын жеткізді.

Бұл мәселе бойынша да мобильді топ өкілдері атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізді. 2023 жылы балаларға спорттық ойын алаңын салу жоспарланып отырғанын айтты.

Жалпы атап өту керек, қос ауылда өткен көшпелі қабылдауға 40-қа жуық азамат келіп өтініш білдірді.




Ақтөре Ибрагимұлы,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT»
партиясының мүшесі

27 шілде 2022 ж. 271 0