Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мобильді топ мүшелері ауыл тұрғындарына референдумның маңыздылығын түсіндірді

Мобильді топ мүшелері ауыл тұрғындарына референдумның маңыздылығын түсіндірді

«AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы мобильді топтың өкілдері Қазалы ауданындағы Қожабақы және Бозкөл ауылының тұрғындарына арналған қабылдау жүргізді.

Қоғамдық қабылдау барысында Бозкөлдік азаматтар ауылды көркейту бойынша өзекті деген мәселелерін және нақты ұсыныстарын жеткізді. Осы орайда, қабылдауға келген ауыл тұрғыны, кәсіпкер А.Ізменбетов ауыл ішіндегі электр бағаналары ауыстырылып, трансформаторлар жаңаланса деген ұсыныс білдірсе, ауыл ардагері Ж.Келімбетов жаңадан балабақша салу керектігін және ауыл мектебінің қатты желден бір блогының шатыры ұшып кеткенін айтып, оны қалыпқа келтіру бойынша өтінішін жеткізді.

Ал, Қожабақылықтарды ауылдағы негізгі орталық Т.Емешұлы көшесінің түнгі жарық шамдарын ауыстыру және елді-мекен биік жерге орналасқандықтан аяқ-судың келуі қиындық тудыратынын, осы орайда аяқ суды жүргізетін электр насостарын жаңалау төңірегінде мәселе көтерді.

Келіп түскен сауалдар бойынша мобильді топ өкілдері заң талаптарына сәйкес жауаптар берсе, ауыл мәселесі аясында көтерілген мәселелер аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, оңтайлы шешілуіне қажетті шаралар қабылдайтындықтарын жеткізді.

Қоғамдық қабылдау барысында мобильді топтың өкілдері Ата заңға өзгеріс
тер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізудің маңыздылығы жайында ақпарат берді.

Еліміздің алдағы болашағынан зор үміт күтетін ауыл тұрғындары Президенттің бұл бастамасын толық қолдайтындықтарын жеткізді
18 мамыр 2022 ж. 191 0