Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мобильді топтың қоғамдық қабылдауы

Мобильді топтың қоғамдық қабылдауы

Бүгін мобильді топтың қоғамдық қабылдауы Қармақшы ауданындағы Көмекбаев және Қуаңдария ауылдарында өтті.

Мобильді топтың қабылдауына арнайы келген шалғай елді-мекеннің тұрғындары ауыл ішіндегі қордаланған мәселелерді назарға ұсынып, шешілу жолын қарастыруды партияға сеніп тапсыратындарын айтты.

Мәселен, Көмекбаев ауылының азаматтары Қарақ, Қоңыраулы су тоспаларын қалпына келтіру, ауылдағы электр желілерінің сымдарын жаңалау, интернет желісінің жылдамдығы мен мектеп, балабақша, жаңа клуб салу төңірегінде мәселелер қозғаса, Қуаңдариялықтарды гидротехникалық нысан, ауылға кіре беріс және шыға беріс көпірлерді жөндеу, жығылып кету қаупі бар Қуаңдария каналының дамбасын көтеру, бекіту т.б. мәселелері алаңдатады.

«Ауылымызда қаншама өнерлі балаларымыз бар. Бірақ оларды көрсететін, өнерін шыңдайтын арнайы клуб жоқтың қасы. Осы мәселені ескеріп ауылымызға жаңадан клуб салынса» деді ауыл ақсақалы Алтынбай Оразбаев.

Қабылдауда көтерілген бұл ұсыныс бойынша мобильді топ мүшелері Т.Көмекбаев ауылындағы 100 орындық клуб құрылысы объектісінің жоба-сметалық құжаттамаларына қаржы қаралып, бүгінгі таңда нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ал, Қуаңдария ауылының тұрғыны Амантай Шәкей аманаттықтарға «Ауылда спорт және балалар ойын алаңының салынып, ауыл балаларына пайдалануға берілсе деген ұсынысын жеткізді.

Бұл мәселе бойынша да мобильді топ өкілдері атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізді. Олар осы мақсатта ауылдағы биыл Гагарин көшесінің бойынан 900 шаршы метр жер белгіленіп балалар және спорт алаңы құрылысына қажетті жоба сметалық құжаттары, сараптама қорытындысы және техникалық шарт алу жұмыстарының да аяқталғанылдығын айтып, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. Алдағы уақытта ауыл балалары да заманауи жабдықталған спорт алаңында ойнатын болады.

Жалпы атап өту керек, қос ауылда өткен көшпелі қабылдауға 40-қа жуық азамат келіп өтініш білдірді. 20 дан астам мәселе сол мезетте шешімін тауып, мобильді топ өкілдері ауыл тұрғындарының алғысына бөленді.






Жұмабек Ембергенов,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі





05 мамыр 2022 ж. 351 0