Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыс орталығындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында білім ордасының жұмыс барысымен танысты.
80 жылдан астам тарихы бар университет нақты кезеңде бакалавриаттың 62, магистратураның 30 және докторантура бойынша 9 білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауда. Бүгінгі таңда университет институционалдық аккредиттеуден және 80 мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өткен.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі өткізген Ұлттық рейтингте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 9-орынға ие болды. Сонымен қатар, университет Дамушы Европа және Орта Азия елдері университеттерінің QS “EECA” рейтингі нәтижесінде 2018 жылы Үздік 300 университет тобына енді. Университке 2017 жылдың қорытындысы негізінде Евразиялық экономикалық одақтың «Признание» халықаралық премиясы берілді.
Бүгінгі күні үштілде мамандар даярлау бакалавриаттың 16 мамандығы бойынша жүргізілуде. Университет 2018 жылғы ақпан айында ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің аккредиттеуінен өтті. 2017 жылдың 4 мамырында университетте “Бизнес-Старт” инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығы ашылды. Казіргі уақытта бұл Бизнес-инкубаторда 17 жоба бойынша 50 студент өз кәсіптерін ашып, жұмыс жүргізуде.
Университеттің ғылыми-педагогикалық қызметті 501 профессор-оқытушы жүргізеді. Оның ішінде 18-і ғылым докторы, 204-і ғылым кандидаты, 15-PhD докторлар. Ал магистрлік дәрежесі бар оқытушылар саны 189-ды құрайды. Білім ордасының компьютерлік бағдарламалар-мен қамтамасыз ету бөлімі құрған «Е-универ» электрондық университет жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе университеттің барлық құрылымдық бөлімдерінің жұмыстарын автоматтандырумен қатар, қашықтықтан оқыту технологиясы және ашық білім беру ресурстары арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруда. Сонымен қатар, 2017 жылдың 11 тамызында CISCO (Циско) академиясы ашылды.
Университет білім беру қызметінде 10 оқу ғимаратын, 5 жатақхананы, Студенттер сарайын, 7 асхананы, «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенін, оқу-әскери полигонын, ғылыми-техникалық кітапханасын, 4 шеберхананы және оқу-зертханалық жылыжайды қолдануда.
Сонымен қатар ҚР Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа университеттің интерактивті мұражай концепциясы, Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандықтарына қорғау мен шабуылға арналған комплекс және Бизнес инкубатор жобалары таныстырылды.



29 наурыз 2018 ж. 1 180 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 18:14
Cialis Vantaggi viagra Wo Kann Man Viagra Kaufen Ohne Rezept

Гость JeaOrer от 8 наурыз 2019 11:03
Cialis 10 Mg Dosis Zithromax Cat viagra Propecia E Impotencia Efecto Secundario Roaccutane Buy