Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шеберлік сабағын өткізді

Шеберлік сабағын өткізді

«Балалар жылына» орай аудандық газет редакциясы мен Тереңөзек кенті мәдениет үйі бірлескен жобаны жүзеге асыруда. Жобаның негіз­гі мақсаты – шығармашылыққа бейім, ынталы оқушыларға журна­лис­тика ма­мандығы бойынша кәсіби бағыт-бағдар беру. Екі ме­кеме арасындағы бірлескен іс-шараның жоспарына сәйкес, ау­­дан­­­дық га­зет редакциясының дизайнер-бағдарламашысы Гүлсім Әлжанова ор­­та мек­­теп оқушыларына шеберлік сағатын өткізді. Сабақта газет­ дизай­нын жасаудың қыр-­­сы­ры жө­­нінде оқушыларға кең көлемді ақпарат берілді.

– Отыз жылға жуық дизайнерлік еңбек өтілім­де көптеген өзгерістерге куә болдым. Қазір жаңа технологиялар қолданысқа батыл енгізілуде. Бүгінде біз «InDesign» бағдар­ламасымен жұмыс істейміз. Бұл бағдарламаның ерекшелігі сол, газетті түр­лендіруге, мерзім­ді басылымға әр беруге көп мүм­кіндік қарас­тырылған. Жалпы болашақта дизайнер болғысы келетін оқушылар идеяға бай болуы керек. Өйткені кез келген мақаланың сәнін ашатын, оқырманды қызықтыра түсетін оның дизайны екені анық, – деді Гүлсім Ахметжанқызы.

Шеберлік сабағында оқушылар өздерін қызық­тырған сұрақтарын қойып, жауап алды. «In­De­sign» бағ­дарламасымен жұмыс істеудің алғы­шарт­тарын үйреніп, кәсіби дағдыларын дамыт­а түсті.

Шеберлік сабағының соңында ау­дан­­­дық газет редакциясының дизайнер-бағдарла­машысы Г.Әлжанова шығармашылыққа бейім, ынталы оқу­шыларға сәттілік тілеп, жастар­ға дизайн саласы бойынша әдістемелік көмек беретін оқулықтар тізбесін ұсынды.


А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
19 шілде 2022 ж. 495 0