Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар берді

Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар берді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялық институты «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі Г.Асқарова және «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының аға оқытушысы Э.Ибрагимова Аманкелді ауылындағы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицей оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.

Кездесуде үш тілді білім беру бағдарламасының жүзеге асуы, қос диплом алу үдерісі және университеттің оқу зертханалары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының соңғы үлгідегі заманауи қондырғылармен жабдықталуы сөз болды.

Мұнан соң «шетел тілдері және аударма» кафедрасынының оқытушысы Э.Ибрагимова «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Аударма ісі» мамандықтарының ерекшеліктеріне тоқталып, сапалы білімнің маңыздылығы туралы айтты.

Жоғарғы оқу орнының оқытушылары оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, мамандық таңдау бойынша пікір алмасты.
"ТТ" ақпарат
04 ақпан 2020 ж. 1 421 0