Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қадыр Мырза Әлі ақынға

Қадыр Мырза Әлі ақынға

Ес білгелі менің біліп түйгенім,
Сөзің бөлек,
Ару қыздай күймелім.
Ойың – сана, тәлімің – дара мен үшін,
Жасқануды, тосырқауды сүймедің.
Ақын аға!
Атың озық, өзгеше,
Жырыңды оқып,
Асау, дарқан күйдемін.
Даналықпен өзің салған сара жол,
Шәкірттерің, ізбасарың, сүйді елің.


Ақын деген біздер үшін алып шың,
Ақын аға!
Күн секілді жарықсың!
Бас иемін шәкірт бала көңілден,
Ұлы есімге таңылады арлы ісін.

Махамбеттің өрлігінен нәр алған,
Жырың көркем!
Тұла бойың ақ арман.
Оққа тосқан өр кеудесі жырыңның
Темірланның ерлігінен жаралған.

Қазақ десе делебесі қозатын,
Өршіл мінез кейде тасып озатын
Нағыз қазақ домбырамен сырласқан,
Деп қалдырған ақын ағам өз атын.

Діні, ділі, тілі – оның намысы,
Мұның бәрі ақын үшін ар ісі.
Сөз киесін арқалаған ақтаңгер,
Ақындардың нағыз сейіс, тағысы.

Ақын жаны мөлдір сезім бұлағы,
Ізгілік пен мейірімнен тұрады.
Аңыз еді мына сөзі біз үшін,
«Қазағым бұл – домбыраның сыңары».

Шәкірт көңіл ынтығады далаға,
Жылдар өтіп жік салмаған араға.
Ақын аға құрмет қылу өзіңе,
Міндет болар қазақ атты балаға!




Ханзада ҒАБИТҰЛЫ,
№37 мектеп-лицей
16 шілде 2022 ж. 255 0