Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№89 газет

24 қараша 2026 ж.

№88 газет

21 қараша 2026 ж.

№87 газет

17 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты тапсырма берді

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың табысын арттыру және адам капиталын дамыту бойынша айрықша мәселе көтерді. Расында халықтың әл-аухатын жақсартуға байланысты кешенді жұмыстар жасалуы тиіс. Азаматтардың табысы жыл сайын артқанымен, әлі де төменгі көрсеткішке ие. Отбасының жан басына шаққандағы табысын еселеу маңызды.

Ел Президенті халық табысын арттыру бағдарламасының адамдарға тигізер пайдасының аз екенін айтты. Жаңа жұмыс орындарының ашылғаны жергілікті халықтың жағдайын жақсартатыны сөзсіз. Қашанда отбасына тұрақты табыс кіріп тұрса, береке болатыны айтпаса да түсінікті. Экономиканың өсімін жоғарылатып, жаңа жұмыс орындарын құру, оларға кәсіби маман тарту алдыңғы орында тұруы тиіс.


Мұса КЕЛДІБАЕВ,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
14 шілде 2022 ж. 803 0