Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Ардақты ағайын!

Құрметті сырдариялықтар!

Сіздерді барша мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Құрбан айт мерекесі – мейірімділік пен әділдікті, жауап­кершілік пен шыдамдылықты, қайырымдылық пен бауыр­малдықты насихаттайтын күн. Барша мұсылманның ұлық мейрамында құрбандық шалудың негізгі амалы – мұқтаж жандарға қол ұшын созу, адамзатты бейбіт өмірге шақыру болып табылады. Бұл мереке әр адамды тек жақсы, ізгі қасиеттерге тәрбиелеп, әділет, парасат жолымен ғана жү­руге үндейді.

Еліміз егемендігін алғалы бері ата дініміз өркен­деудің жолына түсті. Діннің басты мұраты – қоғамның биік рухани мәдениетін қалыптастыру. Адамзат баласының етене араласуына, еліміздегі ұлттар мен діндердің өзара ынты­мақ­­тастығына жол ашатын – Құрбан айт мейрамы береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттырады. Осы күні мұсылман жамағатының көпшілігі құрбандық шалса, араздасқан ағайын татуласып, өзара кешірім жасап, туыс­қандық байланыс күшейе түседі.

Құрметті жерлестер!

Қасиетті Құрбан айт мерекесі әрбір шаңыраққа бере­ке мен қуаныш әкелсін. Барша мұсылман жамағатына ден­саулық, бақыт, имандылық тілеймін.







Құрметпен, Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
09 шілде 2022 ж. 261 0