Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Аманкелдідегі Құрбан айт мерекесі

Аманкелдідегі Құрбан айт мерекесі

Бүгін Аманкелді ауылындағы «Сайфназар ахун» мешітінде Қасиетті Құрбан айт намазы оқылып, исі мұсылман қауымының қасиетті мерекесі бастау алды.

Таңертеңмен ерте тұрып, құлшылық ордасына қарай ағылған аманкелділік жамағат таңғы 6-да иін тіресе сап түзеп, айт намазын оқумен бастады.

Айт намазы алдында мешіт мінберіне бас имам Болатбек Жұмаділдаев шығып, жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Қасиетті мерекенің тарихын баяндап, тағылымын түсіндірді.

Айт намазынан кейін мешіт жанында қол күрес, гір көтеру, арқан тарту секілді спорттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды.

Өзіндік ойын өрнегін көрсеткен командалар мен сайысқа қатысушылар ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиев пен бас имам Болатбек Жұмаділдаевтің арнайы дипломдарына ие болды.

Аталған спорттық сайыстарға елді мекеннің спорт нұсқаушысы Марат Пазылов төрелік жасап, әділ бағасын берді.

Жиналған көпшілік айттан айтқа аман-есен жетейік деген жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты.


Аманкелді ауылдық округі әкімдігі


09 шілде 2022 ж. 325 0