Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертегі ертеңді қалыптастырады

Ертегі ертеңді қалыптастырады

Апта ағымында Нағи Ілиясов ауылдық мәдениет үйінің ұйым­­дастыруымен «Балалар жылы» аясында «Ертегі тың­дап есей­дім» тақырыбында жасөспірімдер арасында аудандық ертегі орын­дау­шылар байқауы өткізілген болатын. Аудандық байқауға 8 талапкер қатысып, өзара бақ сынады.

Тағылымы мол байқауда әрбір талапкер екі кезең бойынша өнер көрсетті. Бірінші кезеңде жас балғындар өздерін кеңінен таныстырды. Ал екінші кезеңде көпшілік ертегі орындаушылардың шеберлігіне тән­ті болды.

Халық ауыз әдебиетінің жарқын үлгісі саналатын ертегінің мазмұнын аша түскен бүлдіршіндер өнеріне Нағи Ілиясов округі әкімі аппаратының бас маманы Роза Бакуова, кітапханашы Сәуле Найзатаева, ауылдық мәдениет үйінің директоры Нұрбол Тұранов төрелік жасады.

– Кішкентай балғын ата-әжесінің ерте­гісін тыңдап өскені жақсы. Тәрбиенің қай­нар көзі қазақ ертегілерінде екені мәлім. Айтулы жыл аясында ертегі тыңдау дәс­тү­рін жаңғыртудамыз. Әрине бала тәрбие­ні жасынан тамызықтап жинайтыны рас. Рухани құндылығымызды дәріп­тей білген абзал, – дейді Н.Тұранов.

Әділ қазылардың шешімі бойынша бас жүлдені нағилық Гүлзинат Талғат­қы­зы жеңіп алды. Жүлделі І орынды аман­келділік Ақбота Нұрханқызы, II орынды айдарлылық Наргиз Қайратқызы, III орынды асқарлық Ай
зере Ақылбекова иеленді. Байқау қатысушыларына арнайы дип­лом мен бағалы сыйлық табысталды.




Балтабай ОРДАБЕКОВ





.
09 шілде 2022 ж. 407 0