Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Суға түсу қәуіпті ме?

Суға түсу қәуіпті ме?

Жадыраған жаз келді. Жаз айының әр күнінде ауылымызда су айдындарын жағалап, суға шомылушылардың, оның ішінде жасөспірімдердің қатары көбеюде.

Суға түсу бір жағынан демалыс, әрі денсаулыққа пайдалы десек, екінші жағынан судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – тұрғындардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан немесе оны білмеуінен орын алады.

Осыған байланысты тұрақты бақылаушылар ауыл төңірегіндегі қауіпті су айдындарын аралап, сол аймақтарда ауыл тұрғындары арасында қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында күнделікті рейдтік аралау жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта халыққа су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бойынша ескерту жасайды.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес Сырдария аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы ендігі де ақылы қоғамдық жұмыс негізінде 2 (екі) жұмыссыз азамат өз жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отырады.

Құрметті ауыл тұрғындары!

Жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!

Аманкелді ауылдық округінің әкімдігі Сіздерге, судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды және суға шомылуға болмайтынын ескертеді.



Аманкелді ауылдық округі әкімдігі


30 маусым 2022 ж. 631 0