Көп түкірсе көл болады
Тереңөзек кентінде маңызы бар «Тереңөзек - А.Тоқмағанбетов» автомобиль жолындағы көпірге демеуші азаматтар көмегімен жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл көпір арқылы кенттің А.Тоқмағанбетов көшесі және көршілес жатқан А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғындары аудан орталығына қарай қатынайды.
Кешегі күнге дейін көпірдің жан-жағын су шайып, айналасындағы бетон жабындылары сынып жөндеуді қажет еткен болатын. Жөндеу жұмыстары кезінде бетон жабындылары ауыстырылып, су шайған бөлігіне құм мен тас төселді. Көпірдің екі жақ қапталына СП бетондары қойылды.
Жөндеу жұмыстарының басында облыстық мәслихат депутаты, «Углесбыт» ЖШС-шің директоры, меценат Расул Есенов және де басқа да елжанды азаматтар болды.
Бірлігі жарасқан ауданның жанашыр азаматтарына игі бастамаларына кент тұрғындары атынан алғыс білдіре отырып, жұмыстарына табыс тілейміз.