Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халық жүрегінен жол тапқан

Халық жүрегінен жол тапқан

Өмірде өз қызметіне берілген жандар көпшілік ал­ғы­сына бөленіп жатады. Денсаулығы күрт төмендеп, жаны қиналған адам медицина маманына жүгінеді. Шынайы болмысынан таймаған Оразкүл Мұратова Қалжан ахун ауылының тұрғын­дарының риясыз алғысына бө­ленген. Тек ол кісі туралы өткен шақта айтылатыны өкінішті.

Уақытпен санаспайтын сала маманы талай науқасты аман алып қалған. Бүгінде абзал жан­­ның науқасқа жасаған ем-ша­ра­ларын ауылдастары жарыса айтады. Себебі мейірімді мед­бикенің ізгілікті істері ешқа­шан ұмы­тылмақ емес.

Киелі мекен – Қалжан ахун ауы­лында дүниеге келген Ораз­­күл Мұратбекова жастайынан медицина саласын меңге­­руге ден қояды. Күрделі маман­дықты игеру жолында ізде­нуден жалық­пайды. Осыдан 42 жыл бұрын Қызылорда қала­сындағы респуб­ликалық меди­циналық учили­щесін «Фельд­шер» мамандығы бойынша біті­реді. Жас маман неше жыл жинақ­таған білімін ауыл медицинасын дамытуға арнайды.

– Әріптесім жайлы сөз қоз­ғанда оның қызметіне деген адал­дығын ерекше атап өткім келеді. Аядай ғана ауылда табан аудармастан 40 жыл еңбек етті. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін ақ халатты абзал жанға алғысы шексіз. Жүрген жерінде сырқаттанған адамға қолұшын созуға дайын тұрады. Аптап ыстық пен қақаған аязда үй-үйді аралап, науқастарды өз бақылауында ұстайтын. Қашанда биязы қалпынан таймайтын ол адам жанына ем-дом жасап, аурудан айғуға елеулі еңбек етті. Көптеген қиындықтарға қара­мастан ауылдық медпуктің жұ­мысын жандандырды. Өзінен кейін­гі жас буынды тәрбиелеп, артынан өшпейтей із қалдырды. Адамның ішкі жандүниесіне үңі­ліп, бар ауыртпалығын жүрегі­мен сезінетін, – дейді Маржан Досболаева.

Иә, білікті маман көзі тірі­сінде жүздеген адамның сырқа­тынан айығуына себепкер атан­ды. Ел мақтаған медицина са­ласының білгірін ауылдасы Өмір­тай Әл­жапбаров өмірлік жар етті. Олар берекелі отбасында 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгін­де анасының жолын Аида Өмір­тайқызы жалғастыруда.

Пандемия уақытында Оразкүл Мешітбайқызы халықтың ден­сау­лығын қатерлі дерттен айық­тырды. Арнайы төсек орындарын дайындатып, науқастарға жәр­­дем көрсетті. Күні бойы ауыл тұрғындарына ем-шара жасады. Өз кезегінде байыпты, байсалды мінезінен айнымайтын ардақты жанға тұрғындар «Қалжан ахун ауылының Құрметті азама­ты» атағын берді. Халық құрме­тіне бөленген ақ халатты абзал жан осыдан 12 жыл бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен марапатталған. Ар­дақ­ты ана, аяулы жар, білікті ма­ман өткен жылы бақилыққа аттанған болатын.

«Мен болмасам ауыл хал­қы не істейді, қайтсем де науқас­тарымды айықтыру керекпін» дейтін мейірімді медбике 13 не­ме­­­ре­сінің қызығын көрмей кет­­­кені өкінішті. Абзал жан арамызда болғанда «Медицина қыз­­­мет­­керлері күні» мерекесін әріп­­тестерімен бірге атап өтуші еді. Кәсі­би маманның ізгілікті істе­рін жер­лестері үнемі еске алып оты­рады.



Балтабай Аябекұлы
18 маусым 2022 ж. 477 0