Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мәжілісмен С.Сейфуллин ауылы халқымен кездесті

Мәжілісмен С.Сейфуллин ауылы халқымен кездесті

Республикалық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.Шиповскихтің Сырдария ауданына іс-сапары С.Сейфуллин ауылында жалғасты. С.Сейфуллин ауылдық клубында өткен кездесуге аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып және аудандық мәслихат депутаттары А.Ибрагимұлы мен Б.Есназар қатысты.

Республикалық штаб мүшесі ауыл тұрғындарына «Жолдауда айтылған бастамалардың негізгі мақсаты – саяси жүйемізді түбірімен өзгерту. Бұл халықтың көп жылғы талап-тілегінен туындап отыр. Азаматтарымыз мемлекетті басқару ісіне қатысуға кең мүмкіндік берілгенін қалайды. Сондай-ақ саяси үдерісті түбегейлі демократияландыру қажет деп санайды. Мұны тиімді жүзеге асыру үшін Ата Заңымызға өзгерістер енгізу қажет», деген Президент Конституцияның үштен бірі халық қалаған өзгерістер негізінде реформаланатынын жеткізді. Бұл – ауқымды өзгеріс, ел тарихындағы аса маңызды қадам болмақ. Барлық өзгеріс пен толықтырудың елдің талап-тілегі арқылы жүзеге асатынын жеткізген Мемлекет басшысы 5 маусымда республикалық референдум өткізуді дұрыс деп тапты»,– деп атап өтті.

Ауыл тұрғындары тарапынан бұл шешімнің мәні жоғары екендігі айтылып, бірқатар ұсыныстар айтылды
02 маусым 2022 ж. 329 0