Мәжілісмендер Аманкелді ауылы халқымен кездесті
Республикалық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Смағұл мен Г.Шиповскихтің Сырдария ауданына іс-сапары Аманкелді ауылында жалғасты.Аманкелді ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып қатысты. Республикалық штаб мүшелері ауыл тұрғындарына «Жолдауда айтылған бастамалардың негізгі мақсаты – саяси жүйемізді түбірімен өзгерту. Бұл халықтың көп жылғы талап-тілегінен туындап отыр. Азаматтарымыз мемлекетті басқару ісіне қатысуға кең мүмкіндік берілгенін қалайды. Сондай-ақ саяси үдерісті түбегейлі демократияландыру қажет деп санайды. Мұны тиімді жүзеге асыру үшін Ата Заңымызға өзгерістер енгізу қажет», деген Президент Конституцияның үштен бірі халық қалаған өзгерістер негізінде реформаланатынын жеткізді. Бұл – ауқымды өзгеріс, ел тарихындағы аса маңызды қадам болмақ. Барлық өзгеріс пен толықтырудың елдің талап-тілегі арқылы жүзеге асатынын жеткізген. Мемлекет басшысы 5 маусымда республикалық референдум өткізуді дұрыс деп тапты»,-деп атап өтті.
Ауыл тұрғындары тарапынан бұл шешімнің мәні жоғары екендігі айтылды.










