Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғашқы жеңімпаздар анықталды

Алғашқы жеңімпаздар анықталды

«Кітап оқы да, тұлға бол». Бұл – «Балалар жылына» орай аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен, ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұрмат Мансұров пен аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлының бірлесе жүзеге асыруы­мен қолға алынған жобаның атауы. Осыдан екі ай бұрын басталған жобаның өткен аптада алғашқы екі ауылдағы жеңімпаздары анықталды.

Көркем әдебиетті насихаттайтын, балаларды кітап оқ­уға ынталандыратын іс-шараны ұйымдастырушылар жобаны түсіндіру жұмыстарын аудан орталығынан шалғай орна­ласқан Аманкелді мен Бесарық ауылынан бастаған болатын. Ережеге сәйкес балалар екі топқа бөлініп, 5, 6, 7 сынып оқушыларына «Жабайы алма», 8, 9, 10 сынып оқушыларына «Ұшқан ұя» кітабы оқуға берілген болатын. Балаларға екі айда көрнекті жазушы Сайын Мұратбеков пен даңқты қол­басшы Бауыржан Момышұлының қаламына арқау болған туындыны оқу, мазмұны бойынша эссе жазу міндеттелді. Мұ­нан бөлек қатысушылар өздерінің жеті аталарын жазып, арнайы билеттерде жасырылған сұрақтарға жазбаша жа­уап береді. Қарапайым, түсінікті, балалар үшін ыңғайлы ереже­ге сәйкес Аманкелді ауылындағы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейі мен Бесарық ауылындағы №147 орта мектебінде жобаның алғашқы кезеңі қорытындыланды.

Әуелі педогогикалық ұжым қызметкерлерінің, оқушылар­дың қатысуымен жиналыс өткізді. Жиналыста жоба үй­лестірушілері Н.Мансұров пен А.Ибрагимұлы «Балалар жылында» қолға алынған іс-шараның идеологиялық мазмұнына тоқталды. Олар аудандық білім бөлімі мен аудандық мә­дениет және тілдерді дамыту бөліміне алғыстарын айтты. Сондай-ақ алғашқы кезеңді қорытындылау үшін ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Серік Ыдырысов пен облыстық «Рухани жаңғыру орталығы» мекемесі директорының орынбасары Сәулет Сахиевтің келгенін айтып, ардақты азаматтарды ауыл балаларына таныстырды.

Аманкелді ауылында жобаға қатысуға 150-ге жуық оқушы ниет білдірген. Оқушылардың белсенділігі жоғары екені аң­ғарылды. Олар эссені талапқа сай жазып, кітап мазмұны туралы жасырылған сұрақтарға да кеңінен жауап берген. Нәтижесінде, 5-7 сынып оқушылары арасында бас жүлдеге және велосипедке 7 сынып оқушысы Гүлім Қылышбек ие болды. Жүлделі I орын мен смарт сағат 7 сынып оқушысы Мерей Сәбитқызына бұйырса, II орын мен үлкен шахмат тақтасы 7 сынып оқушысы Аружан Жарқынбекқызына берілді. Ал III орынды 7 сынып оқушысы Ақерке Оразалиева иеленіп, сурет және видео түсіруге арналған тіреуіші бар жарықшамды жеңіп алды. Айтып өту керек, Серік Ыдырысов атындағы арнайы жүлдемен 5 сынып оқушысы Парасат Паридон марапат­талды.

8-10 сынып оқушылары арасында бас жүлдеге және велосипедке 10 сынып оқушысы Ағжан Есіркепқызы ие болды. I орынды және смарт сағатты 8 сынып оқушысы Құралай Кәкен жеңіп алды. Ал II орынмен және үлкен шахмат тақтасымен 10 сынып оқушысы Ерсұлтан Садықбек марапатталса, III орын мен сурет және видео түсіруге арналған тіреуіші бар жарықшам 9 сынып оқушысы Тыным Сабинаға берілді. Оқушыларды байқауға мектеп-лицей директоры З.Жаманқұлов бастаған ұлағатты ұстаздар, атап айтқанда Айнаш Сыздықова, Перуза Миянова, Маржан Алтынғазиева, Жанат Искакова, Құрманғали Құлымбетов, Нұрболат Тә­шенов, Гүлнұр Жағалтаева, Райхан Мейірманова секілді ұс­таздар дайындаған.

Оқушыларды марапаттау салтанатында байқаудың Аман­келді ауылы бойынша демеушісі Бахтияр Құдайберген сөз сөйлеп, балаларды білімге, оқуға, ізденуге ұмтылдыратын мысалдар айтты. «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алған оқушыларға сәттілік тіледі.

Алғашқы жеңімпаздар анықталғаннан кейін Серік Ыдырысов бастаған азаматтар берекелі Бесарық ауылына ба­ғыт алды. Мұнда да жобаның алғашқы кезеңіне арналған қорытынды іс-шара өткізілді. Жүзден астам бесарықтық оқу­шы екі топқа бөлініп, «Жабайы алма» және «Ұшқан ұя» кітабы бойынша білімдерін ортаға салды. Туындыны толық оқыған талапкерлер мазмұны бойынша эссе және өздерінің жеті аталарын жазып, арнайы билеттерде жасырылған сұ­рақтарға жазбаша жауап берді. Оқушылардың әсіресе «Ұшқан ұя» кітабын ерекше ізденіспен оқығаны аңғарылды. Қа­тысушылардың барлығы дерлік билеттерде жасырылған сұрақтарға дұрыс жауап берді.
Нәтижесінде, 5-7 сынып оқушылары арасында бас жүл­деге және велосипедке 5 сынып оқушысы Жібек Рахмет ие болды. Жүлделі I орын мен смарт сағат 7 сынып оқушысы Аянат Әлімжанқызына бұйырса, II орын мен үлкен шахмат тақтасы 6 сынып оқушысы Санжарбек Мұханбетқалиевқа берілді. Ал III орынды 7 сынып оқушысы Назерке Рысбайқызы иеленіп, сурет және видео түсіруге арналған тіреуіші бар жа­рықшамды жеңіп алды.

8-10 сынып оқушылары арасында бас жүлдеге және велосипедке 8 сынып оқушысы Талшын Сейтбекова ие болды. I орынды және смарт сағатты 8 сынып оқушысы Еркенұр Ермек жеңіп алды. Ал II орынмен және үлкен шахмат тақ­тасымен 9 сынып оқушысы Мадина Иманова марапатталса, III орын мен сурет және видео түсіруге арналған тіреуіші бар жарықшам 8 сынып оқушысы Мария Сатыбалдыға берілді.
Оқушыларды байқауға орта мектеп директоры Ғ.Муталов бастаған ұлағатты ұстаздар, атап айтқанда Н.Торғаева, Т.Қадырбергенов, Ж.Нұрмаханова, Э.Тайғараева, Ә.Се­рікбаева, М.Полатова, Ж.Сүлейменова, Н.Шалбаева, Г.Құ­рым­баева, С.Жүсіпова, С.Сүлейменова секілді ұстаздар да­йындаған.

Оқушыларды марапаттау салтанатында Бесарық ауы­лының әкімі Д.Сәрсенбаев сөз сөйлеп, кітап оқуға құмар ба­лалардың болашақта білімді маман болатынына сенім біл­дірді. Сонымен қатар «Абай-Дәулет» серіктестігінің байқау демеушісі болғанын атап өтіп, «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған жобаның аудандық кезеңіне жолдама ал­ған мектеп оқушыларына сәттілік тіледі.
Осы күні ұлағатты ұстаздар Оспан Сейтов пен Жаналтын Нұрмаханованың шаңырағында ауызашар ұйымдастырылып, өлкетанушы Жұмабай Байзақұлы, ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Серік Ыдырысов бастаған азаматтар ақ дастархан басында бас қосты. Бабалар рухына Құран бағышталып, қасиетті айдың ырыс-берекесінің көп болуы үшін дұға етілді.



Гүлсім ӘЛЖАНОВА
26 сәуір 2022 ж. 576 0