Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аймақ басшысы Балжан Шаменованы жаңа қызметке шығарып салды

Аймақ басшысы Балжан Шаменованы жаңа қызметке шығарып салды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында орынбасары Балжан Шаменованы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі жауапты қызметке ауысуына байланысты құрметпен шығарып салды.

Басқосуда аймақ басшысы қарымды қаржыгер Балжан Шаменованың аймақ үшін жасаған игілікті істерін атап өтіп, өңірдің дамуына қосқан еңбегі үшін «Құрмет» грамотасын табыстады.

– Балжан Мөрәліқызы 2021 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді. Тағайындалған уақыттан бері оның бастамасымен бірқатар келелі мәселелер өз шешімін тапты.

Әсіресе, әлемді жаулаған пандемия кезінде білім, денсаулық сақтау, еңбек қатынастары салаларының көрсеткіштерін тиісті деңгейде ұстап қалуда табандылық танытып, аянбай еңбек етті.
Айрықша атап өту қажет, Балжан Мөрәліқызы ковидпен күресте, оның алдын-алуда вакцинация жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілуіне белсене қатысып, кеселді жеңуде табандылық танытты. Әрбір теңгенің тиімді және бюджеттің орнықты жұмсалуында Балжан Мөрәліқызының дара қолтаңбасы бар.

Балжан Мөрәліқызы тек өңірдің емес, республика деңгейіндегі экономика саласының білікті майталманы ретінде бюджет қаржысының мақсатты бағытталып, тиімді жұмсалуына атсалысты, – деді Н.Нәлібаев.

Жиында облыстық мәслихат депутаты Наурызбай Байқадамов пен қаржыгерлер атынан сөз алған Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов Балжан Мөрәліқызының қаржы саласындағы қолтаңбасын айрықша атап өтіп, оның іскерлік қабілеті мен ұтымды менеджер екенін тілге тиек етті.

Басқосу соңында Балжан Шаменова әрдайым жастарға қолдау көрсетіп, орын беру қажет екенін және әділетті түрде шешім қабылдағанын жеткізді.






Облыс әкімінің баспасөз қызметі
25 мамыр 2022 ж. 278 0