Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Республикалық олимпиада жеңімпазы атанды

Республикалық олимпиада жеңімпазы атанды

Редакцияға Шаған ауылындағы №37 мектеп-ли­цейі­нен сүйінші хабар келіп жетті. Бұл жолы іргелі бі­лім ордасының 10 сынып оқушысы Айжан Рамазан республикалық Абайтану олимпиадасының жүлделі ІІ орын иегері атаныпты. «Балалар жылымен» тұспа-тұс келген жоғары жетістік іргелі ізденіс пен еңбектің мәуелі жемісі екені анық.

Озат оқушының жетекшісі Фарида Әбенованың айтуынша, Абайтану олимпиадасы биыл төртінші рет ұйымдастырылған. Олимпиада ҚР Білім және ғылым министрлігінің тікелей қолдауымен өткізілген.

– Алматы қаласында ұйымдас­тырылған олимпиада екі кезең бо­йынша өтті. Әуелі қатысушылар ақынның қарасөздері мен поэ­­зия­сы негізінде дайындалған та­қырыптардың біріне эссе жазса, ке­йін М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан берілген үзіндінің қай тарау, қандай бөлімнен алынғанын айтып, мазмұнын жалғастырды. Ро­ман мазмұнынан «Сократтық» сұ­рақ­тар беріліп, талапкерлердің ло­гикалық ойлау деңгейі тексеріліп, олар ақын шығармашылығы бойынша дайындалған тапсырмаларды орындады. Әр жанрдағы шығармаларына жан-жақты талдау жасап, алған тәлімі мен білімін сарапқа салып, сыннан өткізді. Сондай-ақ М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан алынған сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауаттылығы анықталды. Осы сындар­дан сүрінбей өткен Айжан Рама­зан олимпиада жеңімпазы атанды. Ол ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Ш.Каринованың қолы қойылған дипломмен марапатталды. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Бізді ау­дандық білім бөлімінің өкілдері мен мектеп-лицейіміздің директоры, ау­дан­дық мәслихат депутаты Ғ.Жаңа­бае­ва бастаған педагогикалық ұжым үлкен сеніммен шығарып салып, зор құрметпен күтіп алды, – дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Фарида Әбенова.

Айту керек, олимпиадаға облыстық, қалалық деңгейден жеңімпаз болған оқушылар, атап айтқанда, 14 облыс, 3 қала, республикалық білім беру ұйымдары, НЗМ ДББҰ, Абай мектептері желісі бойынша жалпы саны 130 оқушы қатысқан. Жүзден озар жүйріктерді бел­гілі Абайтанушылар, әдебиетшілер, зерт­теушілер анықтаған. Жүлдегерлер бағалы сыйлықпен марапатталып, қа­ты­сушылар мен жетекшілер М.Әуе­зов атындағы театрға барып, қойылым та­ма­шаласа, жетекшілерге коучинг-се­минар көрсетілген.







Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ





24 мамыр 2022 ж. 357 0