Қазақстандықтар тарихи бетбұрыс жасауға өз үлесін қоса алады – референдум
5 маусымда өтетін референдум жайлы түсіндірме жұмыстар жүріп жатыр. Бүгін заңгерлер Ата Заңға енгізілетін өзгерістерге деген көзқарасын айқындап, елдегі саяси реформаның маңызын талқылады. Елдегі бас құжатта 99 бап болса, соның 33-іне түзету енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Атап айтқанда, енді жер және оның қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, су көздері, табиғи ресурстар халыққа тиесілі болмақ. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыра алады. Сонымен қатар өлім жазасына тыйым салынады. Енді дауыс беру арқылы әрбір Қазақстандық елдегі саяси өзгеріске қатысып, тарихи бетбұрыс жасауға өз үлесін қоса алады,-деді мамандар.
Марат Бәшімов, заңгер:
– Халыққа конституциялық өзгерістер өте маңызды. Өзгерістер қарапайым халыққа конституциялық қорғауды жоғарғы дәрежеге көтереді. Біз келіп даусымызды берсек, Қазақстанның болашағына, балаларымыздың болашығына береміз. Өйткені референдумнан кейін бүкіл қоғамдық саяси, құқықтық процесстер тез өзгереді. Біздің сана-сезімімізді де өзгертеді.