Cұранысқа сай жәрмеңке
Тереңөзек кентінде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ ұйымдастыруымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтТі. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері нарық бағамынан төмен бағада сатылды
Жәрмеңкеде жергілікті тұрғындарға картоп, пияз, сәбіз, ұн, макорон өнімдері, күріш, қант, қарақұмық, айран, сүзбе, сары май, күнбағыс майы, алма ұсынылды. Молшылыққа кенелген аудан тұрғындары әлеуметтік көмектің тиімділігін көрді.
– Тереңөзек кентінде өткізілген жәрмеңкеге келген болатынбыз. Картоп, пияз секілді бернеше азық-түлікті қолжетімді бағада алғаныма қуаныштымын. Әрбір отбасында жан басына шаққанда тұрмыстық жетіспеушілік туындайды. Шығынды азайту үшін үнемдейтін кездер болады. Өйткені, күнделікті базар бағасының өсуі анық байқалады. Сондықтан осындай жәрмеңкелер көп ұйымдастырласа жақсы болар еді. Көпшілік өзіне керегін сатып алып жатыр, – дейді кент тұрғыны Ұ.Жақапбаева.
Атап өту қажет, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізу жұмыстары қолға алынбақ.
Балтабай ОРДАБЕКОВ