Жетекші партия жанынан штаб құрылды

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыру үшін партия республикалық және 17 өңірлік штаб құрды. Олардың құрамына орталықтағы және өңірлердегі «AMANAT» активтері кірді. Аталған жұмыстарды үйлестіруге Парламент пен мәслихаттардағы фракция депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет пен спорт қайраткерлері, жастар қанаты мен өңірлердегі филиалдар атсалысады. Партия мүшелері өңірлерде және шалғай елді мекендерде сайлаушылармен кездеседі.
Республикадан бастау алған жұмыстар өңіріде де жалғасын тапты. Атап айтсақ, Қызылорда облысында партия филиалдары жанынан құрамы 265 азаматтан тұратын 9 штаб құрылды. Облыстық штаб құрамында 50 және қалалық және аудандық штабтар құрамында 215 партия белсенділері мен жақтастары жұмыс жасайды. Бүгін аймақтық штабтың алғашқы жиыны өтіп, партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық штаб төрағасы Ләйлә Төрешова Партия Төрағасы жүктеген тапсырмалар мен алдағы міндеттер туралы хабарлама жасап, ел үшін, халық үшін осындай маңызды сәтте «AMANAT» партиясы өзінің барлық ресурстарын жұмылдыратындығын атап өтті.
Жұмабек Ембергенов,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі