Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа кітап жарық көрді

Жаңа кітап жарық көрді

Жақында А.Тоқмағам­бетов ауы­­лын­дағы №135 орта мектепте ұс­таздық қызмет атқарған Бану Ахметтің жаңа кітабының тұсау­кесері өтті. Іс-шараға мектеп ұжымы, ардагер-ұстаздар, өнер­паз оқу­шылар мен ата-аналар қа­тысты.

Кітап авторы Б.Ахмет бұл кітабын әкесі, қара­пайым жүргізуші болып еңбек еткен Бекберген Ахметұлының 90 жылдығына арнап жазған. «Ша­ңырақ» деп аталатын кітап ғұмырбаяндық бол­ғанымен, туындының тарихи-тағылымдық, тәрбие­лік мәні зор.

Кітаптың тұсаукесер рәсімі «Әкеме» әні­мен басталды. Мұнан соң мектеп директоры Н.Құр­маналиев сөз сөйлеп, өмір жолы кітапқа арқау болған тұлғаның еңбегіне тоқталды. Сондай-ақ қырық жылға жуық жүргізуші болған Б.Ахметұлы жайлы әңгімелеген ауыл тұрғындары Ж.Маханбет, З,Сыздықова, Н.Досымов, К.Қосжанова, Т.Қалдаш, А.Дәрменова өз есте­ліктерімен бөлісті. Олар адал еңбек етіп, ауыл экономикасына үлес қосқан азаматтың ерен еңбе­гіне куә бол­ғанын айтты. Ал орта мектеп­тің география пәнінің мұғалімі Әділ Ахмет Б.Ахмет­ұлының өмірбаянымен таныстырды.

– Бекберген Ахметұлы 1932 жылы ақпан айында дүниеге келген. Жеті жасынан еңбекке араласып, Ұлы Отан соғысы кезінде тылда жұмыс істеген. Мұғалімдік білім алып, 2 жылдай ұстаздық қызмет атқарған. Әскери борышын атқара жүріп, әскердегі сарбаздарға саяси сабақтар өткізген. 1956 жылы әскерден елге оралып, отбасын құрған. Туып-өскен жерінде жүргізушілік қызмет еткен. Көпбалалы әке атанып, ұл-қыздарын адал еңбекпен нан табуға баулып өсірген. Ол кісі тірі бол­ғанда биыл 90 жасқа толатын еді. Атамыздың өмір жолы біз үшін дастанға бергісіз. Отбасында берген тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерін еске сақтап келеміз. Атамыз қоғамшыл еді. Ауылымызда еңбек озаты, еңбек ардагері болғанын мақтанышпен еске аламыз. Еңбегі бағаланып,
республикалық көлемде марапаттарды, медальдарды иеленді, – деді география пәнінің мұғалімі.

Іс-шарада ауыл мен мектеп кітапханасына және меймандарға кітаптың бірнеше данасы берілді. Мектепте өткен бұл жүздесу ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына рухани әсер сыйлады. Жақында А.Тоқмағам­бетов ауы­­лын­дағы №135 орта мектепте ұс­таздық қызмет атқарған Бану Ахметтің жаңа кітабының тұсау­кесері өтті. Іс-шараға мектеп ұжымы, ардагер-ұстаздар, өнер­паз оқу­шылар мен ата-аналар қа­тысты.



А.СЕЙІЛОВ
30 сәуір 2022 ж. 359 0