Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Заманының заңғар тұлғасы

Заманының заңғар тұлғасы

Ауданнан шалғайда ораналасқан Іңкәрдария ауылында «Ахмет Байтұр­сын­ұлы – қазақ халқының рухани көсемі» тақырыбында конференция өтті. Танымдық іс-шара ауылдық кі­тапхананың ұйымдастыруымен жү­зе­ге асты.


Іс-шара барысында ұлт ұстазы Ахмет Байтұр­сынұлының туғанына 150 жыл толуына орай жи­налған көпшілікке құнды деректер таныстырылды. Кітапхана оқырманы Айгерім Сүйінбаева және мектеп оқушылары қоғам қайраткерінің шығармаларына, аудармаларына, публицистикалық еңбектеріне тоқ­талды. Сонымен бірге оқырмандар «Дәуірдің жарық жұлдызы» ат­ты кітап көрмесін тамашалады.

– Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліпбинің негізін қалады. Әрбір қазақ баласын оқытуға, білім алуына көңіл бөлді. Саяси реформалардың жарыққа шығуына себепкер болып, ұлтты сақтап қалуға күш салды. Міне, осындай дара есімді кітапхана ұжымы кеңінен дәріптеуде. Заманының заңғар тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін өскелең ұрпақ білуі тиіс. Оның шығармалары жастарды жарқын болашаққа бастайды, – дейді А.Сүйінбаева.




Балтабай ОРДАБЕКОВ

26 сәуір 2022 ж. 662 0