Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дала алқаптарын өрттен қорғайық!

Дала алқаптарын өрттен қорғайық!

Қазгидрометтің болжамды деректері бойынша алдағы өрт қауіпті кезеңде орташа температура +30ºС құрайды, ал республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөлігінде құрғақшылық пен темпе­ра­тураның +40ºС-қа дейін жоғарылауымен жауын-ша­шын тапшылығы болжанады. Бұл болжам өрт қауіптілігінің деңгейін арттыруға және табиғи өрттермен жағдайдың күрделенуіне ықпал етеді.

Өздеріңізге белгілі, орман және дала өрті – аза­мат­­­­­­­­­тардың өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтамай, от қойып қадағалаусыз (бақылаусыз) қалдыру салдарынан, табиғатта демалушы азамат­тардың өшірмей кеткен ошақтарынан және өздігінен пайда болады. Орман және дала өрттері үлкен жыл­дамдықпен тарайды және жердің орасан үлкен ау­мағын өртеп жіберуі мүмкін. Орман – еліміздің байлығы, жануарлар дүниесінің панасы, адамдар денсаулығына, қоршаған ортаға оң ықпал ететін жа­сыл дүние. Осы орманды өрттен сақтау маңызды. Сондықтан кім болса да аудан аумағындағы орман-тоғайды өрттен сақтауға міндетті.
Қызылорда облысындағы құрғақ және желді климат, шөптесін өсімдіктердің көп болуы, дала өртінің тез өріс алуына мүмкіндік туғызады.
Құрметті аудан тұрғындары!

Орман және дала өрттерін алдын алу және оны болдырмау мақсатында төмендегі іс-шараларды ат­қаруыңызды сұраймыз:
– Тұрғын үйлерге және басқа да шаруа­шылық ғимараттарға оттың тарау мүмкіндігін болдырмау мақсатында тұрғын үй аумағының шетінен ені ке­мінде 4 – 10 метр болатын өртке қарсы жолақ­тарды жасау;

– Сенбілік және басқа да шаруашылық жұмыс­та­рын жүргізу кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ере­же талаптарын сақтау қажет;

1. Тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды жа­ғу ке­зінде жанында жиынтық су қоры немесе өрт сөн­дір­гіштің болуы;
2. Жанғыш қалдықтардың қоқыстарын үйіп қою­ға жол бермеуге;
3. Тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды жә­не қураған шөптерді өртеу кезінде кемінде ғимарат­тардан 50 метр қашықтықта өртеген жөн;
4. Өртті қадағалаусыз қалдыруға жол бермеу;
5. Тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды жағу кезінде жанғыш сұйықтарды пайдалануға қатаң ты­йым салынады.

– Өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтамаған және өрт қойып бақылаусыз (қараусыз) қалдырған немесе әдейі от қойған азаматтарға ҚР ҚК-нің және ҚР ӘҚБтК-нің бабына сәйкес жауапкершілікке тарты­латын болады.

ЕСКЕРТПЕ:
Егер Сіз орман және дала өртінен қауіп төнгенін байқасаңыз және от қойған кінәлі тұлғаны көрген болсаңыз «101» немесе «112» нө­мі­ріне немесе Сырдария ауданының төтенше жағдай­лар бөлімінің 21-4-94 сенім телефонына хабарла­суыңызға болады.



Ә.Кенжеев,
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин
атындағы азаматтық қорғау
академиясының 4 курс курсанты
26 сәуір 2022 ж. 445 0