Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі өршіп тұр. Осыған байланысты биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әйелдерге және балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендердің жазасын қатайту қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты олардың құқығын қорғауда ауданның тәртіп сақшылары арнайы жұмыс жүргізіп келеді.
Осы бағытта Сырдария аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ-ның әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобынының қызметкері Н.Байжанов аудан көлемінде түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Соның қатарында отбасында орын алған жағдайлардың салдарын болдырмау үшін Тереңөзек кентінің тұрғыны А-ның өтініші бойынша қорғау нұсқамаға алынып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта қорғау нұсқамасын бұзған жағдайда ҚР ӘКБтК-нің 461-бабы бойынша шара көрілетіндігі жөнінде түсіндірілді. Бұл – аудандағы зорлық-зомбылықтың алдын алу тұрғысындағы атқарылып жатқан жұмыстар.

"ТТ" ақпарат
20 сәуір 2022 ж. 601 0