Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отызында орда бұзған Отызбай

Отызында орда бұзған Отызбай

Отызбай Исабаев егер арамызда болғанда 80 жасқа толар еді. Өкінішке қарай, жасындай жарқырап жүрген азамат осыдан отыз жыл бұрын, ердің жасы елуге де толмай өмірден озған болатын. Облыстың ауыл шаруашылық саласында абыроймен еңбек еткен О.Исабаев замандасым әрі құрдасым еді. Жергілікті газеттің көп жылдан бергі сырласы, оқырманы болғандықтан басылым бетінде осы азаматты еске түсіру үшін қолыма қалам алдым.

Отызбай 1942 жылы 13 шілде күні сол кездегі Тереңөзек ауданына қа­расты 39 колхоздың бірі – «Көп­тің көлі» аталатын елді мекенде дүниеге келген. Бұл – қазіргі Сырдария ауданы Ақжарма ауылы. Әкесі Иса­бай Отан соғысы басталған кезде қызыл әскер қатарына алынып, туған жерді басқыншы жаудан қорғауға аттанды. Өкініштісі, әкесі майдан даласынан оралмапты. Отызбай жасында екі ананың тәрбиесінде болды. Бірі – ана­сы Гүлсім Шәрімбетова, екіншісі – ше­ше­сімен бірге туысқан, анасындай болып кеткен жан Бопыл Құмақбаева.

О.Исабаев 1966 жылы Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын агро­ном мамандығы бойынша бітіреді. Сол жылы еңбек жолын туған ауылы Ильич сов­хозында агроном болып бас­тап, одан кейін Шіркейлі совхозында бас аг­роном қызметінде жалғастырып, жас маман абыройға бөленеді. Аудан және об­лыс басшылығы жас маманның ұйым­дас­тыру қабілеті мен біліктілігін байқа­ғаннан кейін 1969 жылы Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы) Пар­тияның XVIII съезі атындағы кеңшарға (қазіргі А.Тоқмағамбетов ауылы) директор етіп тағайындайды. Ол осы қызметін 1980 жылға дейін атқарып, артта қалған шаруашылықтың еңсесін тік кө­теріп, эко­номикасы мен мәдениетінің артуына игі ықпал етті.

Алайда осы қызметінде жүргенде ден­саулығы нашарлап, жоғары қан қы­сымына, жүрек дертіне шалдықты. Жұ­мысқа бірде жараса, бірде жарамай нау­қастанып қалуы жиіледі. Мұндай жағ­дайда шаруашылықты басқаруға мұр­­шасы келмейтінін түсінген Отыз­бай 1980 жылы мамыр айында өз өтіні­шімен қызметінен босады. Біраз уақыт емделіп, кейіннен Қызылорда қаласын­да облыстық шаруашылық мекеме­ле­рінде басшылық қызмет атқарды. Атап айтқанда, облыстық тұтынушылар одағы басқармасында төраға орынбасары, облыстық дайындау мекемесінде басшы, облыстық ауыл шаруашылығы басқарма бастығының орынбасары бол­ды.

1990 жылы облыста алғашқы экс­перименттік түрде ашылған жылыжай басшылығына ұсынылып, өмірінің со­ңына дейін сонда қызмет атқарды. Жасындай жарқырап жүрген азамат жү­рек қысымы дертінен дүние салды. Қалалық аурухананың бас дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі Әскербек Төрекеев баспасөзде замандасы Отызбай туралы былай деп еске алған еді: «Ол реанимация бөлімшесіне түскенде үш тәулік бойы қасында болдым. Қолдан келген дәрігерлік көмектің бәрін жасадық, бірақ ажалдан алып қала алмадық. Бақилық болатынын сезді ме «Әсеке, достым маған жақындашы, қо­лыңды бер. Саған, дәрігерлеріңе көп рахмет! Нағыз азаматтық іс жасадың, достарыма, отбасыма менен сәлем айт, қош достым» деді де, көз жұмды» деп жазған еді. Сол мақаласында «Отызбай ердің жасы 50-ге жетпей көз жұмды. Ол аз ғұмырында ел-жұртына, туған-туысқандарына, жора-жолдастарына жа­саған қамқорлығы қаншама дерсің» деп те­біренген еді Ә.Төрекеев.

Міне, бұған да 30 жыл өтіпті. Отыз­бай домбыра тартып, ән салатын сері жі­гіт еді. Өлең де жазатын. Өлеңдерінің барлығы «Аққан жұлдыз» деген кітапқа енген. О.Исабаев еңбек еткен жылдары үнемі ілгерілеу, ізденіс, оқып-үйрену үстінде болды. Білімін жетілдіріп, халық­тың әлеуметтік жағдайын көтеруге атсалысып, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын жақсартуға қол жеткізді. Ол бұл еңбекті атақ үшін жасаған жоқ, ке­лешек ұрпақ үшін істеді. Отызбай жары Ұлдыгүл Бердібайқызы екеуі ұл-­қыз­дарын тәрбиелеп өсірді, азамат етті. Пер­зенттері еліміздің белгілі аза­мат­тары қатарында. Отызбайдың асыл бейнесі бәріміздің жүрегімізде сақ­тала­ды.

Жеңісбек МАҚСҰТҰЛЫ,
Шіркейлі ауылы
16 сәуір 2022 ж. 282 0