Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазғы мектеп ұйымдастырылады

Жазғы мектеп ұйымдастырылады

Әлемді дүрліктірген пандемия­ның зардабы барлық салаға сал­қынын ти­гізгені рас. Әсіресе, мектеп оқу­шы­лары мен студенттерге то­лық­қанды бі­лім ордасында оқу­ы­на мүм­кіндік бер­меді. Сон­дық­тан жұқпа­лы ін­дет­тің бәсең­деген тұсында өткен оқу жы­­­­лы­ның аяғында жазғы мектеп ұйым­­­дас­тырылған болатын.
Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен биыл да оқушылардың білімін жетілдіруге жә­не олқылықтың орнын толтыруға барлық оқу орындарында жазғы мектеп ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Бұл жайында министрліктің Мек­тепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді. Г.Кәрімова биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын, ал 26 мамырдан бас­тап 9, 11-сынып оқушылары емтихандарын тапсырса, қалған сынып оқушылары үшін 17 маусымға дейін жалғасатын жазғы мектеп ұйымдастырылатынын айтты.
«Жазғы мектеп – біліміңізді жетілдіріп, ол­қы­лық­­тарды толтыруға тамаша мүмкіндік. Пандемия оқу үдерісіне жақсы әсер етпегенін және мектеп оқушыларының кей тақырыптарды толық мең­гер­мегенін жақсы білеміз. Басқа елдерде бұл мәселені шешу үшін оқу жылын ұзартады. Ал біз оқу жылын ұзартпай, жазғы мектеп ұйымдастырдық. Біз барлық оқушыға жазғы мектептен қалмауға кеңес береміз» деді Г.Кәрімова.
Жазғы мектептерде сабақтар әдеттегі форматта өтпейді. Икемді оқу кестесі ұйымдастырылады, сабақтар мұражайларға және экскурсияларға бару түрінде де өтеді.
Жазғы мектепте оқытудың ерекшелігі – оқу­шы­ларға баға қойылмайтындығында және үй тапсырма­сының берілмеуінде. Жаз маусымы болғаннан соң оқу барынша қызықты әрі мазмұнды өтілуіне жағдай жасалмақшы. Сонымен қатар мұғалімдер оқу­шыларының білім деңгейіндегі олқылықтары мен әлсіз тұстарына орай білім беретін болады.
– Жазғы мектепке оқушылар мектеп формасы­мен емес, өздеріне ыңғайлы киіммен келеді. Әдеттегідей толыққанды сабақ кестесіне сәйкес емес, негізгі әрі қажетті сабақ өтілетінін ескеру қажет. Соңғы жылдары ата-аналар тарапынан балаларын қосымша репититорларға немесе курстарға беретінін білеміз. Ал бұл баланың білімін шыңдап, олқылықтың орнын толтыруға берілетін мүмкіндік. Дегенмен жазғы мектепке келу барлығына бірдей міндеттелгенмен соңғы шешімді ата-аналар мен оқушылардың өзі қабылдайды, – дейді аудандық білім бөлімінің бас маманы Ж.Қойшыбаева.

Бибісара ЖАНӘЛІ
09 сәуір 2022 ж. 463 0