Тереңөзекті бірге көркейтейік
Құрметті кент тұрғындары!
Өздеріңізге белгілі, жылы, шуақты көктем айы да келіп жетті. Бұл кезең – көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыратын тамаша уақыт. Сіздерді кенттің әкімі әрі кенттің тұрғыны ретінде аудан орталығының санитарлық тазалық жұмыстарына жанашырлықпен белсене қатысуға шақырамын.
Өздеріңізге белгілі, жылы, шуақты көктем айы да келіп жетті. Бұл кезең – көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыратын тамаша уақыт. Сіздерді кенттің әкімі әрі кенттің тұрғыны ретінде аудан орталығының санитарлық тазалық жұмыстарына жанашырлықпен белсене қатысуға шақырамын.
Тазалық жай ғана жүрдім-бардым қарайтын дүние емес. Мұнда үлкен тәрбие негізі, мәдениеттілік бар. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі. Ол жан-жақты адам өмірін, болашағын, имандылығы мен адамгершілік сияқты кісі ғұмырына тән көптеген тармақтарды қамтиды. Даналарымыз адам өмірінің зор байлығы – денсаулық десе, ал денсаулықтың кепілі – тазалық екенін ұғындырған. Сондықтан тазалық – адамның мәдениеттілігінің, адамгершілігінің таразысы, иманның жартысы саналады.
Біз көше мәдениетін қозғағанда ең алдымен тазалықты сөз ететініміз анық. Өйткені, көшедегі мәдениеттіліктің бастауы тазалық екені айтпаса да түсінікті. Әрбір адам өзінің көшесін, ауласын таза ұстау арқылы қоғамға пайдасын тигізеді. Ал қоршаған орта күл-қоқысқа толып жатса, оның адам денсаулығына тигізер зияны көп. Сол себепті де тұрғындар айналаны ластамай, біреудің айтуымен емес, өздерінің денсаулықтары үшін санитарлық тазалыққа мән беріп қарағаны жөн.
Жыл сайын көктемгі және күзгі уақытта екі айлық тазалық айлығы жүргізіледі. Облыс, аудан көлемінде уақыты бекітіліп, сол бойынша сенбіліктер ұйымдастырылады. Тиісінше, осы мезгілде де аудан төңірегінде тазалық айлығы жалғасуда. Соның нәтижесінде, біраз көше бойы тазартылып жатыр. Десе де қазіргідей көктем мезгілінде жауапкершілікті сезінбеген кейбір тұрғындардың тұрмыстық қалдықты бей-берекет шашып тастауынан көше бойында санитарлық тазалық талаптары сақталмауда.
Осы тұста, тазалыққа тұрғындар жауапкершілікті сезінуі тиіс. Өзінің есік алдын, көше жақ бетін тазартып, күл-қоқысты шығармай, таза ұстаса, оның қоғамға тигізер пайдасы көп. Яғни әрбір адам көше тазалығына жауап берсе, кенттің де келбеті айшықтала түсетіні анық. Сондықтан кент тұрғындарын көше тазалығын сақтауға, тазалық акцияларына, оның ішінде республика деңгейіндегі «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, Тереңөзек кентінің тазалығын сақтауға бір кісідей қатысуға шақырамыз. Туған жеріміз Тереңөзекті бірге көркейтейік!
Ержан БАХТИЯРОВ,
Тереңөзек кентінің әкімі