Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал ұрлығы 58,3 пайызға азайды

Мал ұрлығы 58,3 пайызға азайды

Құқық қорғау саласының мамандары аудан көлемінде мал ұрлығы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Соның нәтижесінде, биылғы жылдың жеті айында мал ұрлығы 58,3 пайызға азайды. Десе де аудан сақшылары жергілікті тұрғындарға төрт түлектеріне мұқият қарау керектігін ескертеді.

Аудан көлемінде тұрғындардан мал ұр­лы­ғы дерегі бойынша көптеген шағым түсуде. Бұл ретте, елді мекендер айналасында малдардың жоғалуы, ұрлануы жиі кездеседі. Осы тұста, араға біраз уақыт салып, жоғалған мал өрістен табылып жатады. Мұндай жағдайда құқық қорғау сала­сының мамандары оқиға орнына барып, деректерді анықтау мақсатында едәуір уақыт жоғалтады. Сондықтан тәртіп сақшылары көпшіліктің өз иелігіндегі малдарына жауапкершілікпен қарауы тиістігін айтады.

– Жақында Іңкәрдария ауылының тұр­ғыны аудандық полиция бөліміне бір бас малын белгісіз азаматтар ұрлап кеткені жөнінде арызданады. Өз кезегінде тәртіп сақ­шылары бағыттамада көрсетілген малды іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, аталған төрт түлік көп ұзамай өрістен табылып, арызданушыға қайтарылды. Бұл ретте, көпшілік мал жоғалған кезде анық-қанығына көз жеткізіп, содан кейін аудандық полиция бөліміне арызданса екен. Мал ұрлығы дендемесін десек әрбір тұрғын жа­уапкершілікті білгені жөн, – дейді полиция майоры Руслан Аймағанбетов.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
17 тамыз 2021 ж. 417 0