Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Заман жаңаруды талап етеді

Заман жаңаруды талап етеді

1-наурыз күні партиямыздың кезектен тыс ХХІІ съезі өтті. Съезде Президент, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурыз – партияның құрылғанына 23 жыл толғанын, осы жылдар ішінде партияның қоғамға пайдалы істермен айналысып, сайлаушылардың сеніміне ие болғанына және осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын жоққа шығармай, құрметпен қарауға шақырды.

Съезд отырысында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіндегі Төрағасы Ерлан Қошанов партияның атауын «АMANAT» деп өзгерту туралы ұсыныс айтып, Президентіміз ұсынысты толық қолдайтынын жеткізді.

Партия төрағасы партия жұмысына басым бағыттар белгілеп, бастауыш партия ұйымдары мен мәслихаттардағы фракция жұмысын жандандыруды, халық қалаулыларының сайлаушылармен жиі кездесу өткізіп, қоғамдық талқылауларға қатысу керектігін білдірді. Барлық деңгейдегі депутаттардың жұмысы ашық әрі адал болып, нақты істер мен мәселелердің оң шешілуіне байланысты бағалануы тиіс екендігін айтты. Сайлаушылармен кері байланысты күшейтіп, қоғамдық қабылдаулар өткізіп, орындалмайтын уәде бермеуді қадап айтты.

Сонымен бірге, съезд барысында Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов модернизациялау бағдарламасы аясында партияны жаңғыртудың 7 басымдығына тоқталды.

Ендігі кезекте осы аталған жаңғыру жолындағы басымдықтарды партияластар арасында тиянақты орындап, Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстан құру идеясына өз үлесімізді қосуымыз қажет. Бірлігі жарасқан еліміз жасасын.

Б.АХМЕТОВ,
«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының консультанты
05 наурыз 2022 ж. 331 0