Нақты тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы, Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы "Қазір әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Осындай аумалы-төкпелі заманда біз жаңа даму кезеңіне өттік",- дей келе, партияның ресми түрде атауы "АMANAT" болып өзгеруін қолдайтынын жеткізді. Бұл партия тарапынан жасалған сәтті қадам деп ойлаймын. Алдағы уақытта барлық ел тұрғындары Аманат ұғымының астарын терең ұғына отырып, қиянатқа бармайды деп сенемін. Ендігі жерде атау өзгеруімен шектеліп қалмай, сапалық көрсеткіштің нәтижесіне жұмыс жасаймыз, – деді.
Келесі жұмыстарды уақыт еншісіне салып салғырттық танытпай, бүгіннен бастап артылған ел сенімі мен үмітін ақтау жолында нақты қадамдарға баруымыз қажет. Бізге жүктелген аманатты сақтай отырып, жұмыла әрекет етуге барша партияластарды шақырамын.
З.ЖАМАНҚҰЛОВ,
Сырдария аудандық мәслихатының депутаты