Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия қатарын нығайту жұмыстары жүргізілетін болады

Партия қатарын нығайту жұмыстары жүргізілетін болады

Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жаңа Қазақстан құру туралы идеясын жариялап, жұмыстың бағытын айқындағаны мәлім.

1 наурызда өткен партиямыздың кезектен тыс ХХІІ Съезінде айтылғандай, партия жұмысына да өз ықпалын тигізді. Партия Төрағасының қойған міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін жауапкершілік пен талапқа сай мықты мамандар қажет. Осылайша, ендігі кезекте жергілікті жерлерде партия қатарын нығайту жұмыстары жүргізілетін болады.

Партия мүшелерінің біліктілігін арттыру, БПҰ жетекшілерінің рейтингін енгізу және партия жарнасының 20 пайызын қайтару арқылы БПҰ-ны нығайту жоспары осы съезде айтылды. Съездегі басты жаңалық партия атауын «Amanat» деп қайта атау ұсынысы.

Сонымен қатар, жаңа жобалар, ашық диалог алаңдары және қызмет көрсетуге бағытталған қоғамдық қабылдаулар да партияның модернизациясынан тыс қалмағанын айта аламыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Партия күнімен қатар келген, «Алғыс айту» күні құтты болсын!

Р.ЕСЕНОВ,
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты

04 наурыз 2022 ж. 493 0