Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Бейбіт күнде егемендігімізге нұқсан келмеуі тиіс

Бейбіт күнде егемендігімізге нұқсан келмеуі тиіс

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына берген сұхбатын бір деммен көріп шыққан болатынбыз. «Қаңтар қасіреті» салдарынан елімізге орасан шығын келгені рас. Ел көкейіндегі мәселелер кеңінен қозғалды. Алғашқыда бейбіт жиыннан басталған елдегі толқулар күшейе түсті. Арандатушылар азаматтарды соңынан ертіп, ел ішіне іріткі салды. Міне, осындай елдің тыныштығын бұзған оқиға байланысты Мемлекет басшысы өз ұстанымдарын айтты. Қанды оқиғалар көп адамның өмірін жалмады. Бейбіт күнде егемендігімізге нұқсан келмеуі тиіс. Алдағы уақытта кінәлілер анықталып, өз жазасын алғаны дұрыс. Бірақ, жазықсыз халықты қорғауымыз міндетті. Тергеу жұмыстары ашық, әділ, нақты дәлелдерге сүйеніп жүргізілсе дейміз.


Сұхбат барысында Мемлекет басшысы мемлекеттік құрылымдар, экономиканы дамытуға байланысты нақты бағдарлы жұмыс жасалуы керектігін ескертті. Сонымен бірге, заңның үстемдігі жөнінде азаматтық пікірін білдірді. Әділетті қоғамды құру жолында заң үстемдігін күшейту керектігі ойға қонымды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың нақты ұстанымын біздер айрықша қолдаймыз.

Анар ҚАЛДЫБАЕВА,
аудандық мәслихат депутаты
21 ақпан 2022 ж. 345 0