Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Тәуелсіз еліміздің тыныштығын сақтайық

Тәуелсіз еліміздің тыныштығын сақтайық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында көкейдегі сауалдарға нақ­ты жауап берілді деп ойлаймын. «Қаңтар оқиғасына» қатысты бірнеше бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарды атады. Елі­міздің тыныштығын бұзған азаматтар заң талабы бойынша жауапқа тартыл­ға­ны дұрыс. Дегенмен жазықсыз жандар жапа шекпеуі тиіс. Бұл ретте Мемлекет басшысы алдағы күндері барлық тергеу жұ­мыстарының нәтижесі белгілі болатын­ын айтты.

Сұхбат барысында геосаяси негізінде мемлекетаралық байланыс жөнінде сөз қозғалды. Әрине біз Ресей мемлекетімен сенімді серіктестік орнатып, барлық құры­лымдық жағынан қарым-қатынас жасап келеміз. Шекаралас жатқан солтүстік өңір­лердің мәселесін журналист орынды көтерді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз мемлекетіміздің басты бай­лығы – кең байтақ жері екенін нақты мысалмен келтірді.

Қазіргі таңда ел ішінде «Жаңа Қазақ­станды» құру жолында табанды бас­та­маларға иек артуымыз керек. Ел азаматтары шынайы ақпаратқа сүйеніп, аран­датушылар әрекетіне ерме­гені жақ­сы. Тә­уелсіз мемлекетіміздің тыныш­ты­ғын сақ­тайық.

Жанарбек НҰРЫМБЕТОВ,
облыстық мәслихат депутаты
19 ақпан 2022 ж. 409 0