Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіндегі құжат айналымы 2,6 пайызды құрады

Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіндегі құжат айналымы 2,6 пайызды құрады

Былтыр «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесі арқылы 633 417 қаржылық құжат қабылданса, оның 616 мыңнан астамы өңделген. Ал 17 мың құжат орындаусыз кері қайтарылды. Бұл жалпы қабылданған қаржылық құжаттардың 2,6 пайызын құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚР қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті» РММ басшысы Әуезбек Дүйсенбаев хабарлады.

Жалпы, «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі дегеніміз - мемлекеттік мекемелердің қазынашылық органдарына ұсынатын құжаттарды қабылдау және өңдеу жөніндегі функцияларды автоматтандыруды қамтамасыз етеді және қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінің құрамдас бөлшегі болып табылады.

- Жүйенің тұтынушылары мемлекеттік мекемелер, квазимемлеттік сектор субьектілері болып табылады. Осы жүйеде мемлекеттік мекемелер бойынша 154 код ашылды. Оның 146 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және 8 жергілікті өзін-өзі басқару органдары бюджеттерінен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекемелер. 2022 жылдың 1 қаңтардағы мәлімет бойынша бөлінген жалпы қаражат көлемінің төлемдер бойынша 99 пайызы толық игерілді. Қазіргі таңда құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық қолдау туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде. Биыл мемлекеттік мекемелердің құжаттары сапалы және уақытылы орындалуын, төлем шоттарын тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді күшейту басты міндетіміз болып табылады, - деді Әуезбек Дүйсенбаев.
17 ақпан 2022 ж. 341 0