Дербес бюджет және алдағы жоспар
Жуырда облыстық қазынашылық департаментінде «Аудандар мен ауылдардың дербес бюджеті» тақырыбында семинар өтті.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес ауылдық округтің, кенттің аудандық маңызы бар қалалардың деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу қарастырылған болатын.
Семинарда департамент басшысының орынбасары Қанат Әзімханұлы осы мәселеге кеңірек тоқталды.
Бұл ретте жергілікті өзін-өзі басқару дербес бюджеттің кіріс бөлігі меншікті кірістерден (салық және салықтық емес түсімдер), аудандық бюджеттің субвенциялары және жоғары тұрған бюджеттердің нысаналы трансферттерінен тұрады. Мемлекеттік бюджеттің төртінші деңгейі биылдан бастап 2 мыңнан астам халқы бар 65 әкімшілік-аумақтыққа енгізілді. Ал, қалған 81 әкімшілік-аумаққа 2020 жылдан бастап енгізу қарастырылған. Қызылорда қаласы бойынша 8 әкімшілік-аумақтық бірлікте ІV деңгейлі бюджет енгізілді. Бір ауылдық округ бойынша 2020 жылы енгізу көзделген.
Қазынашылық департаменті кент және ауылдық округтердің есеп қызметкерлерін тарта отырып, түрлі оқу-семинарларын өткізіп келеді. Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесіне Қаржы министрінің бұйрығымен өзгертулер жасалған болатын. Осыған сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетіне есептелетін кодтар енгізілді.
Айталық, салықтық, салықтық емес түсiмдер, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттердің түсімдері, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін және қарыздар түсімдері санаттары бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетіне барлығы 33 бюджеттік сыныптама коды ашылды.
Қазіргі таңда қала және аудан орталықтарының аумақтық қазынашылық органдарында «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы қашықтан қызмет алуға толық мүмкіндік бар.

Сара АДАЙБАЕВА,
«Сыр бойы».