15 ақпанда қандай тарихи күндер бар?

Бүгін – дүниежүзілік қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні. Бұл күн сондай-ақ «Халықаралық ота медбикесі күні» ретінде де аталады. Сонымен қатар 1989 жылы дәл осы күні КСРО әскері Ауғанстаннан шығарылды. Соның негізінде Ресейде 2011 жылдан бастап 15 ақпан Отанынан тысқары аумақта қызметтік борышын атқарған ресейліктерді еске алу күні ретінде аталып өтіледі.
Дәл осы күні Израильдің бірінші президенті тағайындалса, Канада өзінің мемлекеттік туын бекіткен. Және үлкенге де, кішіге де ұнайтын «Күлше қыз» ертегісі желісінде түсірілген мультфильмнің тұсауы кесілген.
Алматыда «Қазақстан тарихы» бес томдығының құрастыру жұмыстары аяқталса, 2014 жылы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Сочи Олимпиадасында күміс жүлде алып, қазақстандықтарға сүйінші жаңалық жеткізген. Бұл күн Орталық Азия жаһангері Әмір Темірдің, неміс жазушысы, ағарту дәуірінің көрнекті өкілі Гохольд Эфраим Лессингтің қайтыс болуымен де есте қалған.
Дайындаған
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ