Бүгін қандай күн екенін білесіз бе?
Әрбір күн тарих беттерінде ерекше оқиғалар тізбегімен ерекшеленеді. Ақпанның 12 жұлдызы әлемде және Қазақстанда төмендегідей тарихи оқиғалармен есте қалды.
Григориан күнтізбесі бойынша бұл – жылдың 43-күні. Бұл күні биологиялық эволюцияның негізін салушы Чарльз Дарвин дүниеге келген. Осыған орай атаулы күн Халықаралық ғылым және гуманизм күні (Дарвин күні) ретінде аталып өтіледі. Алғаш рет 2001 жылы АҚШ-та тойланған мейрамды өнертапқыштар мен ғылым өкілдері тойлайтын көрінеді.

12 ақпан – әскери қимылдарға қатысқан балаларды еске алу күні. «Баланың бәрі бақытты болу үшін жаралған...» Десек те бұл тек өлең жолдары... Бейбітшілік арман болған көп мемлекетте кәмелет жасқа толмаған балаларды әскери күш ретінде пайдаланады. Ал оларды 12 ақпан күні еске алады екен.
Дәл осы күні Қызылорда облысында Байқоңыр ғарыш айлағын салу туралы шешім қабылданса, Жамбыл медициналық колледжі де осы күні ашылған. 1992 жылдың 12 ақпанында Алматыда Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы дипломатиялық байланыс туралы хаттамаға қол қойылса, 2014 жылы Қызылқұм шөлейтінде археологтар ХVІІІ ғасыр батырларының сауытын тапқан.
Атаулы күн әлемге әйгілі тұлғалардың дүниеге келуімен де ерекшеленеді. Олардың қатарында АҚШ-тың 16-шы президенті Авраам Линкольн бар. Ал Қазақстанда 12 ақпан күні Қазақстанның халық әртісі Нұриддин Атаханов, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері Сара Назарбаева, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерманов туған.
Айта кетейік, жыл соңына дейін 322 күн бар.
Дайындаған Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ